4.3. Төзімділік
Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін
төзімділік дейміз. Төзімділікті анықтаудың тузу және жанама деген екі әдісі
бар. Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Спортшы ағзасын жаттығу
жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты,
анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді. Төзімділікті
дамытқанда ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар,
біртіндеп ұзаратын қашықтыққа 400, 500, 700, 1000 метрге жүгіру, 2000 метрді
жүгіру мен жүруді алмастыра өту т.с.с. Ақырын және орта қарқында журуді
алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с.
Жоғары оқу орны студенттеріне кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жугіру,
шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары
қолданылады.
Төзімділік - жеңіл атлетиканың кез-келген саласына қажет. Ол тек қана
күрделі жеңіл атлетиканың жаттығулардың орындалуы барысында ғана емес,
сонымен қатар, жаттығу жұмыстары кезінде жеңіл атлетикаға негізделген.
Адамның қабілетіне қарай ұзақ уақыт шамасына қарай еңбектенуі. Ол
соның негізгі ретінде ауыр жүк көтеру жаттығулары мен арнайы тезімділік
тәрбиесі болып есептеледі. Қысқа дистанцияда жүгіруші үшін арнайы
төзімділік керек. Өйткені, ең жоғарғы сатыдағы мүмкіндік жылдамдығы барлық
дистанцияларда қамтуы керек. Секірушінің төзімділігі бірнеше секіру
12
жаттығуларының ең жоғарғы қуатты итеру, көпсағатты жарыс әрекетерімен
белгіленеді.
Төзімділікті көтерудің негізгі құралына бір-қалыпты және үзілісті жүгіру,
жаттығулар, ұзақ уақыт бойы даярлаған көбірек жүктемелер. Төзімділіктің
қалыптасуына жаттығудың жыл бойы айналым жасауы қажет. Жалпы
төзімділіктің дамуына дайындық кезеңі әсер етеді. Әрі қарай бұл қабілет бір
жыл бойына қуатталады. Арнайы төзімділіктің дамуы дайындықтың көктемгі
мерзімді әрекеті мен жарыс кезеңінде өткізілуі тиіс. Арнайы төзімділіктің даму
құралы-жүйелілік және арнайы жаттығулардың қысқа орындалуы жөне негізгі
жеңіл атлетикалық жаттығулар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |