«Мейіргер ісінің негіздері»



Pdf көрінісі
бет56/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

8.Ұйымдастыру кезеңі:

 35 мин (6%)  

 

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  



 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 



 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. 



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

 35 мин (15%) 



10. Жаңа сабақты түсіндіру

: 60мин (30%) 



Жоспар. 

-Пневмония. 

-Бронхиалды демікпе. 

-Бронхоэктазды аурулар. 

Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа 

аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, 

тұмау,  бронхит,  демікпе  сияқты  тыныс  ауруларын  немесе  әсіресе  жас  балалар  мен  қарт 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

61 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

адамдарда  болатын  қатаң  аурулардан  кейін  пайда  болады.  Сонымен қатар  ол  СПИД-пен 

ауырған кезде де болуы мүмкін. 

Ауруды  әр  түрлі  вирустар  (аденовирус,  риновирус),  бактериялар  (пневмококк, 

стафилококк,  стрептококк)  қоздырады.  Аурудың  дамуына  дененің  қатты  мұздауы,  ауыр 

жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді. 

Түрлері мен белгілері. 

Сырқаттың  ұзақтығына  қарай:  жедел  пневмония  және  созылмалы  пневмония,  ал 

қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып 

бөлінеді. 

Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39  — 40oС-қа, кейде одан да жоғары 

көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. 

Науқастың  бүйірі  шаншиды,  біртіндеп  тынысы  тарылып,  ауа  жетпейді,  буындары 

сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды. 

Созылмалы  пневмония  ауру  асқынып,  өкпе  тінінің  құрылымы  мен  қызметінің  толық 

қалпына  келмеуінен,  сондай-ақ  созылмалы  бронхиттің  салдарынан  болады.  Бұл  кезде 

өкпенің белгілі  бір тұстары  қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш 

түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер 

қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 

аптадан  соң  жазыла  бастайды.  Балаларда  болатын  пневмонияның  кейбір  ерекшеліктері 

бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің 

айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті 

мен  ұйқысы  бұзылады.  Жаңа  туған  сәби  пневмониямен  ауырғыш  келеді.  Кейде  кеудесі 

сырылдап,  сілекейі  көбіктенеді.  Жас  балалар  мен  сәбилерде  болатын  пневмония  өте 

қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел 

қабынса,  ауруханада  стационарлық  ем  қабылдау  қажет.  пневмонияны  кең  спектрлі  әсер 

ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік 

денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын 

алуға көмектеседі. 

Белгілері-бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі

Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы; 

Әр  дем  алған  кезде  Пневмония  дем  шығарған  сайын  мұрынның  желбезегі  көтеріліп 

Пневмония басылып тұрады; 

Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр 

екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді); 

Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан); 

Кеуде ауырады; 

Науқастың халі ауырлайды; 

Бетіне  және  ерніне  салқын  тигенде  ұсақ  жаралар  шығады.  Өте  қатты  ауырған  бала 

минутына  50-ден  астам  ентіге  дем  алса,  ол  өкпе  қабынуымен  ауыруы  мүмкін.  Егер  дем 

алысы  жиі  және  терең  болса,  тексеріп  көріңіз,  бұл  дегидрация  немесе  ұстамалы  жүйке 

ауруы болуы мүмкін. 

Бронх  демікпесі  -  бронхтардың  экзогенді  немесе  эндогенді  факторларға  жоғары 

сезімталдығымен бронхоспазм нәтижесінде пайда болған ұстамалы ауру. Аллергендердің 

тыныс жолына түсуімен , шаң- тозаңға, айналаның ластануымен байланысты. Науқастың 

клиникалық сипаттамасына жөтел, ентігу, ұстамалы тұншығу, алыстан естілетін сырылдар 

тән. 

Әдетте, бронхиалды астма ұстамасы аллергенмен қайта кездескенде , суық ауа жұтқанда, 



физикалық  күш  түскенде  аяқ  асытынан  басталады,  түнгі  ұстамалар  типті,  құрғақ  жөтел 


 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

62 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

ұстамадан бұрын мазалайды, науқас мәжбүр халде болады. Науқастың дем алуы жиіленіп, 

экспираторлы ентігу тән, кеудеден ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. 

Біраздан  соң  ұстама  басылып  ылғалды  қақырық  пайда  болады,  дем  шығару  фазасы 

қысқарып, дем алу актісі жеңілдеп және сирей бастайды. 

Этиологиясы: 

Экзогенді факторлар: 

Инфекциялық аллергендер 

Инфекциялық  емес  аллергендер  (өсімдік  тозаңдары,  шаң,  өндірістік  аллергендер, 

дәрмектер, тағамдар,микроскопиялық кенелер 

 Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер ( кәсіптік шаңдар, химиялық булар) 

 Метеорологиялық факторлар 

Стресстік, психикалық факторлар, физикалық күш түсу 

Эндогенді  факторлар:иммундық,  эндокриндік,  вегетативтік  нерв  жүйесінің,  бронхтар 

реактивтілігінің 

және 


сезімталдығының, 

мукоцилиарлық 

аппаратының, 

өкпе 


тамырларының туа кемістіктері. 

Ең  басты  эндогендік  фактор  –  атопия.  Атопия  аллергендермен  жанасқанда  IgЕ  шамадан 

артық түзілуіне туа біткен бейімделік. 

Патогенез.Бронхтық  астманың  негізгі  патлогиялық  өзгерісі  –  бронхтардың  ұстамалы 

тарылуы. Тарылудың себептері: 

Бірыңғай салалы бұлшықеттердің спазмі 

 Тыныс алу жолдарының кілегейінің ісінуі 

 Кілегейдің гиперсекрециясынан тығындар пайда болуы 

Аурудың созылмалы және ауыр түрінде бронхтардың қабырғаларының склероздануы 

Клиникасы.Үш негізгі синдром дамиды: 

 Бронхообструкция синдромы – экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың 

ұзаруы, 


құрғақ 

ысқырық 


сырылдар,ФӨТС,Тиффно 

көрсеткішінің 

төмендеуі, 

пневмотахометрияда – тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі. 

 Қабыну  синдромы  –  қызудың  көтерілуі,  қақырық  бөлінуі,  ЭТЖ  жоғарлауы,  солға 

ығысумен лейкоцитоз, интоксикация белгілері. 

Аллергиялық  синдром  –  ринопатия,  есекжем,  қышыну,  терілік  оң  сынамалар, 

эозинофилия, қан мен несепте биологиялық белсенді заттардың болуы. 

Диагностикасы:ЖҚА,  ЖЗА,  ҚБА,  ,  қақырықтың  жалпы  анализі,  кеуде  қуысының 

рентгенографиясы, спирография, тері сынамалары. 

Емі.Препараттар  екі  топқа  бөлінеді:  жалпы  ауру  белгілерің  жеңілдетін  дәрілер 

(симптоматикалық ем) және негізгі (базисті) препараттар (глюкокортикостероидтар) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет