Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялардың тиімділігі



Pdf көрінісі
Дата13.01.2022
өлшемі387,49 Kb.
#111554
Байланысты:
Бекбауова Зауре Саттаровна



 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы «Айханым» балабақшасы 

Бекбауова Зауре Саттаровна 

 

«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  деп  қазақ  халқы 



бекерден бекер айтпаған. 12 жылдық білім беруге көшу процесі  мектепке дейінгі тәрбие 

және  оқытуды  жаңа  ұйымдастыруды  және  жақсы  нәтижелер  көрсетуге  талап  қояды. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  қазіргі  уақытта  негізгі  қолданылатын 

технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады: 

-

 

Дамыта оқыту технологиялары; 



-

 

Мәселелелік оқыту технологиялары; 



-

 

Ойын технологиялары; 



-

 

Альтернативтік технологиялар; 



-

 

Инновациялық технологиялар. 



Бұл  біріншіден  педагогтардың  тиімді  әдіс-  тәсілдерді  қолдана,  ұдайы 

шығармашылық іздестерге итермелейді.Жаңа сапалық деңгейге жету үшін инновациялық 

технологиялар қажет. 

«Инновациялық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен 

біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің:  оқу  –  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзара 

ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  жаңа  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен 

әдістерінің  күрделі  және  ашық  жүйелері,  мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр 

аяғында  баланың  дамуына  жағымды  жағдайлар  жиынтығын  құрайды».  Мектеп  жасына 

дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен 

қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды  деп  санаймыз,  себебі  қазіргі  кезеңде  білім 

ғылым саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар  маңызды. Мектеп жасына 

дейінгі  балаларды      дамыту      мәселесі      мемлекеттік      саясаттың      басты  назарында. 

Сондықтан  баланың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуы  мектепке  дейінгі  балаларды 

оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты.Жаңа заман баласы  - ертеңгі еліміздің болашағы. 

Жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр - сырын 

анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет деп ойлаймыз. Ол 

үшін педагогтардың білікті, шығармашылдығымен қоса педагогикалық технологияларды 

қолдана  білу  сауаттылығы  жоғары  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі 

мекемелерде  инновациялық  білім  беру  құралдарын  қолданудың  да  маңыздылығы  зор. 

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті 

тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар  мен  оқу- 



 

әдістемелік  кешендер,  инновациялық  ақпараттық  банк,  инновациялық  сайт  және  тағы 



басқалары  жатады.  Қазіргі  таңда  көптеген  интерактивтік  бағдарламалық  бөлімдер, 

қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар 

көптеп  шығып,  қолданыс  табуда.  Өкінішке  орай,  барлық  мектепке  дейінгі  мекемелер 

жоғарыда  аталған  инновациялық  білім  беру  құралдарымен  толық  қамтылмаған.Ал, 

мультимедиялық оқулықтар  арқылы  тәрбиеші  уақытын  тиімді  және  ұтымды пайдаланар 

еді.  Балабақшада  мультимедиялық  оқулықтар  қолдану  балалар-дың  қызығушылығын 

арттырады,  зейін  қойып  көрумен  бірге  түсінбеген  жерлерін  қайта  көруге  мүмкіндік 

туғызар еді. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал 

болып  табылады,  бұл-  балалардың  зейінін  әр түрлі  әдемі  түстерге, ойыншықтарға, әдемі 

суреттерге,  әсемдікке  баулуға  көмектеседі.  Инновациялық  білім  беру  құралы  жүзеге 

асқанда  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде  дамытылып  отыратын  анық  түрдегі 

әдістемелік  жүйе  болып  табылады  деп  ойлаймыз.  Соның  бірі  – 

«Тәй-тәй»  технологиясына  тоқталғым  келеді.  Ол  дұрыс  тамақтану  денсаулығының 

нығаюына,  танымдық,  қоғамдық  және   эмоционалдық   құзыреттіліктердің қалыптасуына 

бағытталады. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, отбасының балабақша қызметіне 

араласуына  мүмкіндік  береді,  мәдени  құндылықтарды  көрсетуге  және  дамытуға 

негізделеді.Мектепке дейінгі  мекемелерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрету арқылы 

баланың  жан  -  жақты  дамып,  жетілуіне,  шығармашылықта  жұмыс  істеуге  бейімделуіне, 

топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден - бір әдісі деп санаймыз. Атап 

айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба  технологиясы,  дамыта оқыту, деңгейлеп  – 

саралап  оқыту  технологиясы  және  т.  б.  Соның  ішінде  деңгейлеп  оқыту технологиясына       

назар        аударғымыз        келеді.Оның        негізгі        ерекшеліктері: 

1.

 

Таланттар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі  бекіте түседі, 



әлсіздер  тіл  үйренуге  ниет  білдіріп,  сенімсіздіктен  арылады. 

2.

 



Балалардың оқуға деген ынтасы артады. Осы әдісті мектепке даярлық сыныбында және 

ересектер  топтарында  қолдануға  болады.  Топтағы  балалардың  деңгейлері  әртүрлі 

болғандықтан  тапсырмаларды  да  деңгейлеріне  қарай  беру  арқылы  оларға  тіл  үйретуде 

елеулі  жетістіктерге  жетуге  болады.  Мектепке  даярлық  сыныптарындағы  деңгейі  төмен 

балаларға тақырыпқа сәйкес ересектер топтарындағы балаларға арналған тапсырмаларды 

беріп,  орындалған соң деңгейі жоғары  балалармен бірдей бағалап,  мадақтаған жөн. 

«Тапсырманы  орындадым»,  -  деп  қуанған  балада  алға  қарай  ұмтылыс  пайда  болары 

анық.Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: 

-

 

баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 



-

 

танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 



-

 

баланы шығармашылық жұмысқа баулиды; 



-

 

мұғалімнің уақытын үнемдейді; 



-

 

қосымша мәліметтер береді. 



Яғни, әр қазақ, орыс, ағылшын тілінде ұйымдастырылған оқу қызметтерінде слайдтарды 

қолдану арқылы өткізсек, балалардың тілге деген қызығушылы-ғын арттыра алатынымыз 

сөзсіз. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар: 

1.

 



Жаңа тақырыпты түсіндіру. 

2.

 



Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру; 

3.

 



Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту. 

4.

 



Балалардың білімін бағалау. 

Мақсаты: 

1.

 

Әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. 



2.

 

Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету; 



3.

 

Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау; 



4.

 

Баланың ынтасын, қабілетін арттыру. 



5.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра 



алу. 

Әр  баланың  ойы  шыңдалып,  өз  даму  деңгейіне  сай,  жетіс-тіктерге  бағыттау 

үшін  –  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясын  қолдануға  болады.  Бұл 



 

технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштас-тырылады, бала өз шығармашылығынан 

қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып - толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға 

бала шығарма-шылығын қалыптастыратынын атап өту қажет. Оқу қызметінің қай құрылы-

мында болмасын педагог "Сен не ұқтың?”, "Сен нені білгің келеді?” және «Сен неге бұлай 

ойлайсың?»  деген  сұрақтарды  балалардан  сұрап  отырғаны  жөн.  Инновациялық 

технологияның  тағы  бір  түрі  -  Эйлер  Венн  диаграммасы.  "Венн”диаграммасын  қолдану 

арқылы  заттардың  ұқсастығы  мен  айырмашы-лығын  көрсетуге  болады.  Ересектер 

топтарында  өтілген  тақырыптарды  қорытындылау  кезінде  осы  технологияны  пайдалану 

тиімді.  Мысалы:  «Жемістер»  және  «Көкөністер»  тақырыптарын  бекітуде  мұғалім 

балалардан  алма  мен  қызанақтың  ұқсастығын  мен  айырмашылығын  табуды  сұрайды. 

Балалар олардың ұқсастығы - пішіні, түстері екендігін айтса, ал айырмашы-лығы – өсетін 

орны, дәмдері, біреуі - жеміс, екіншісі - көкөніс деп жауап береді.Сондай  – ақ, өзге ұлт 

балаларына  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  үйретуде  тек  қана  сөздерді  қайталау  арқылы 

үйретпей,  оларды  ойындар  мен  көрнекіліктер  арқылы  үйреткен  тиімді  болып 

табылады.Тілдерді оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдануға болады: 

-

 

Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту. 



-

 

Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру 



-

 

Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету 



-

 

Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту. 



-

 

Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. 



Педагогикалық  технологияларды  зерттей  келе  мынадай  қорытынды  жасауға 

болады.  Оқу  процесінде  өзінің  барлық  мазмұнымен,  ұйымдастырылуымен,  педагогтың 

қызметтік  мінездемесімен  тек  қана  баланы  біліммен  қаруланды-руға  ғана  бағытталмай, 

сонымен  қатар  олардың  жан-жақты  дамуына  бағыт-талған.  Көп  жылдар  бойы  мектепке 

дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті.  Алайда мектепке 

дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. 

Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен педагогтің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып 

табылады.  Баланың  жеке-даралығын  түсіну,  қабылдау,  қызығушы-  лықтарын  ескеру, 

шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту,  эмоционалдық  игіліктерін  сақтау  –  міне, 

осылардың  барлығы  қазіргі  кездегі  тәрбиешінің  басты  міндеттері.Осылайша,  жаңа 

технологиялларды  қолдану  -  педагог  қазіргі  заманға  сай  өзгеріп  отыратын  әлемде  өмір 

сүруге  дайын,  денсаулығын  сақтай  алатын,  білімі  мен  машықтарын  көрсете  алатын, 

шығармашылығы  мол,  ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын,  бәсекеге 

жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет