7-сынып бойынша 4-тоқсанның қазақ тілі пәнінен БЖБ тапсырмасы.
Оқушы __________________________________________________________
1-тапсырма Төмендегі соғыс, жеңіс тақырыбындағы тұрақты сөз
тіркестерін, мақал-мәтелдерді қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғау, рухы көтерілу, жүрек жұтқан,
жүрегінің түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбітшілік
аспаны, қан майдан, жау жүрек
2-тапсырма. Б.Момышұлы: «Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің
қасиеті», - деген. Сіз осы төмендегі ұғымдарға қандай анықтама бересіз?
сөздер
Анықтама
Ерлік
Жүректілік
Жігіттік қасиет
3-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз.
Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы осы
жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А Мархабаев Фантастиканың
басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен Демек бұл жанрдың басқа
әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс Ол
фантастика ғалым табиғаттану жаратылыстың құпия құбылыстарын ел
арасына өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның
арқасында өмірге келеді. Яғни фантастика ғылымды туғызса ғылым өз
кезегінде фантастиканы қамшылайды Былайша айтқанда фантастика - ғылым
және ғылым - фантастика тандемі болып келеді Осылардың жиынтық ұғымы
біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді
қалыптастырады» деп тұжырымдайды. Фантастика даму жолында ішкі
сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдебикөркем фантастика
ғылыми фантастика әлеуметтік фантастика экономикалық фантастика бері
келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді.