Білім беру
бағдарламасы
Оқыту
тəсілдері
Бағалау
Үйлесім: Оқушылардың
табысын арттырады
Бұл білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері белгіленген деңгейде ғана емес, әр
сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарла
-
масының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты
жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы ке
-
рек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компонентінің – білім беру бағдарламасы,
педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің балалар үшін бірлесіп қалай «еңбек ететінін»
толық білуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағида
-
ты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары
спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сы
-
ныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжы
-
рым жатыр. Оқу үдерісіндегі ілгерілеуді көру үшін оқу мақсаттары бөлім мен бөлімшелерге
топтастырылған.
| 14 |
Достарыңызбен бөлісу: |