Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет2/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   416
 
 
 
Жинақта  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ұйымдарының  мектепалды 
және  1-11-сыныптарында  2021-2022  оқу  жылындағы  оқу-тәрбие  процесін 
ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген. 
Жинақ  орта  білім  беру  ұйымдарының  басшыларына,  педагогтеріне, 
әдіскерлерге,  білім  басқармалары  мен  бөлімдерінің,  білім  беру  саласындағы 
сапаны  қамтамасыз  ету  департаменттерінің  басшылары  мен  мамандарына 
арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2021  
 



 
Құрметті әріптестер!  
 
Жаңа  2021-2022  оқу  жылы  қарсаңында  Сіздерге  Ы.Алтынсарин 
атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  әзірлеген  «Оқу-тәрбие  процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» дәстүрлі Әдістемелік нұсқау хатты 
ұсынып отырмыз.  
Әдістемелік  нұсқау  хаттың  мазмұны  еліміздің  педагогикалық 
сарапшылар қауымдастығымен талқыланды.  
Білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  процесі  екінші  жыл  пандемия 
жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде 
туындаған  олқылықтардың  орнын  толықтыру  өзекті  міндетке  айналды. 
Әрбір  педагогке  шәкірттерінің  білімін  толықтыру  бойынша  арнайы 
жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр.  
Биылғы  оқу  жылының  ерекшеліктерінің  бірі  –  А.Байтұрсыновтың 
әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. 
Бұл  идея  былтырғы  тамыз  конференциясында  айтылған  болатын.  Бірінші 
қыркүйек  күні  мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бүлдіршіндерге 
салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етіледі.  
Мұғалімнің  жүктемесі  18-ден  16  сағатқа  азайтылды.  Сабақ  ұзақтығы 
45  минутқа  қайтарылды.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесі  төмендетілді. 
Білім  беру  ұйымдарына  қысқартылған  оқу  жүктемесімен  Үлгілік  оқу 
жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты. Өткен оқу жылында оқу жүктемесі 
төмендетілген үлгілік оқу жоспарларымен жеті жүз мектеп жұмыс жүргізіп, 
тәжірибе  жинақтады.  Осылайша  мектептердің  академиялық  таңдау 
еркіндігі артты. 
«Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушыларымыздың 
бойында  қазіргі  қоғамның  талаптарына  сай  білім  мен  дағдыларды 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Биылғы  оқу  жылында  еліміздің  мектептері  Қазақстан  Республикасы 
Тәуелсіздігінің  30  жылдығын,  ағартушы-ұстазымыз  Ы.Алтынсариннің  
180  жылдығын  атап  өтеді.  Көрнекті  педагогтің  мұралары  мен  өсиеттері 
бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады. 
Күнде  таңертеңгісін  сабақ  басталар  алдында  мектеп  директорының 
оқушыларды қарсы алатын жақсы дәстүрі ұсынылып отыр.  
Ең  басты  міндеттеріміздің  бірі  –  оқушының  білім  алуы  мен  дамып-
өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау. 
Құрметті  ұстаздар!  Бұл  Әдістемелік  нұсқау  хат  2021-2022  оқу 
жылында Сіздердің сенімді де ең қажетті көмекші құралдарыңыз болады деп 
сенеміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет