Ж. 4-тапсырма.
"Еркін жазба"әдісі
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 50-60
сөзден тұратын жинақы мәтін жаз.
"Қазақтың қонақ күтуі" тақырыбындағы
мәтінді түсініп оқып, негізгі ақпараттардан
түсінгеніңді 5 сөйлеммен білдір.
Қазақтың қонақ күтуі
Қазақ халқы ежелден қонақ десе ішкен
асын жерге қоятын халық. Үй иесі үйге келген
кісіні
танысын,
танымасын
"Құдайы
қонақпын" десе болды жылы шыраймен қарсы
алып отырған. Олар жол жүріп келе жатып
ауылдың кез-келген үйіне түсіп, қонақ бола
берген. Сондай-ақ, алыстан арнайы келген
жақын, туыс, жолдас қонақтар да болады. Үй-
үйді, ауыл-ауылды аралап, қыдырып жүретін
қыдырма қонақтар да бар.
Қазақта қонақты дұрыс қарсыламаса,
дәм таттырмаса ол ашуланып, жамандап
кетеді. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке
шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты
қарсы алу мен шығарып салуға ерекше мән
берген.
Үйге келген қонаққа үй иесі "төрлетіңіз",
"қош келдіңіз", "құрметті қонағым бол" деген
сөздерді айтып, қонақты өзіне баурап алады.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін
үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп,
риза етуге тырысады. Бұл адамдардың
арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген
құрмет пен қамқорлықты, үй иесінің
адамгершілігін, имандылығын көрсетеді.Үй
иесіне риза болған қонақ «Рахмет», «Алғысым
шексіз»,
«Тамаша»,
«Бәрекелді»,
«Құрметіңізге
ризамын»
деген
сияқты
сөздермен алғыс сезімін білдіреді.
Қазақта "қонақ келсе - құт келеді", «Қазақ
қонағын құдайындай сыйлаған», «Қонақ күту-
ғанибет» деген қанатты сөз де бар. Қазақ
халқының осы қонақжайлылығы атадан
балаға мұра болып қалатын ұлттық салт-
дәстүрдің бірі.
Критерий:
- 50-60 сөзден тұратын мәтін құрайды;
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтайды;
- ой жүйелігін сақтайды;
Достарыңызбен бөлісу: |