Екінші крест жорығы (1146ж.), сонымен қатар,
үшіншісі (1189г.)
және
тӛртіншісі (1204г.) және басқа да мҧсылмандардың қасиетті
жерлерін жаулап алуға бағытталған жорықтары жеңіліспен аяқталды. Крест
тағушылар тек дінге сенбейтіндер, мҧсылмандарға ғана емес, сонымен
қатар, бір дінге табынушыларға қарсы соғыс жҥргізген: олар 1204 жылы
1261 жылға дейін Рим епископының билігінде болған Константинопольды
жаулап алды.
(Крест жорығы тарихында 1212 жылғы «балалар жорығы» қайғылы аяқталды, осының нәтижесінде он мыңдаған жасӛспірім-ер балалар туған жерінен алыс жерлерде жерленді немесе тұтқынға алынып, құлдыққа сатылған). Барлық крест жорықтары қан тӛгумен, тонаумен, мәдени
қҧндылықтарды жоюмен, жҥздеген адамдардың ӛлімімен аяқталып отырды.
Олар белгілі бір уақытқа дейін папа кеңесінің ролін кҥшейтті, бірақ
шіркеудің бірлігін қалпына келтіру мҥмкін болмады. Мҧсылмандарды
христиан дініне зорлықпен тартудың жеңіліспен аяқталу тәжірибесі бҧл
мақсатқа жету ҥшін бейбітшілік жолмен шешу тәсілдерін қарастыруға
мәжбҥр етті.
Дәл осы шақта христиандық-қҧдайға қҧлшылық ету ортасында араб
тілін, Қҧранды, басқа да жазбаша дереккӛздерін оқыту, миссионерлерді
араб-тҥрік мемлекеттерінде жҧмыс істеу ҥшін дайындау бойынша
жҧмыстары басталады. Крест жорығының нәтижелері - еуропалықтардың
бай және арабтардың тӛл философиясымен, ғылыммен танысу, сауда және
саяси қарым-қатынастарды орнату болып табылды.
Ортағасырлық христиан діні монахтық ӛмірдің әсер етуінің нығаюы
және кеңеюімен сипатталады. Батыс Еуропада ең алғаш монахтық орденнің
530 жылы