104
IX ғасырда исмаилизмнің жаңа қанаты, жаңа бағыты пайда болды,
оның ізбасарлары ӛздерін Хамдан Кармат уағызшының есімімен
байланысты
карматтар
деп атаған.
Карматтар ортодоксальді суннизм мен оның салттарына бірден қарсы
шықты. Х ғасырда олар жеке мемлекеттерін қҧрды (Шығыс Арабия), онда
карматтардың жақсы тҧрмысы кӛршілес мҧсылман мемлекеттерін тонау
және тҧтқынға алынған қҧлдарды аяусыз қанаумен қамтамасыз етілді.
Карматтар мемлекеті 150 жыл ӛмір сҥрді және 1029 жылы ӛмір сҥруін
тоқтатты.
XI ғасырда исмаилизмде Оңтҥстік Ливан аумағында
друздар
қозғалысы пайда болды. Бҧл кезде тау халықтары тҥрік басқыншыларымен,
сонымен қатар, ӛздерінің феодалдарымен соғысты. Сондықтан да,
Даразидің жасырын имамның тәртіп орнату мақсатында келуі жӛнінде
уағыздары зор қолдау тапты.
Ортағасырлық мҧсылман мемлекеттерінде қауіпті кҥш ретінде
ассасиндер
танылды. Ассасиндердің ҧйымдастырушылық қҧрылымы
қатардағы мҥшелерінің «жасырын имам ӛкілдеріне жақындасуға» рҧқсат
болмай қоймай, сонымен қатар, олар имамдардың есімдерін де
білмейтіндей ҧйымдастырылды. Шалғайдағы тау қамалдарындағы шейхтер
Таяу және Орта Шығыстың әр тҥрлі мемлекеттеріндегі билеушілерін ӛлім
жазасына кескен, бҧл әрекеттерді табынушы фанаттар - кісі ӛлтірушілер
бҧлжытпай орындаған.
Ассасиндер Батыс Еуропа мен Рим Папасының ӛзіне ҥрей тудырған.
Жоғарыдағы ассасиндер суннизм мен шиизмнің қағидаларына бағынбаған,
олар жағдайға байланысты әрекет жасап отырған. XIII ғасырда ассасиндерді
ҧйымдастырылған қозғалыс ретінде Иранда моңғолдар және Сирияда
мысырлықтар жойды.
X ғасырда ӛздерін жақсы жасырған философиялық бауырластықты
білдіретін
Достарыңызбен бөлісу: