35 бап. Бала және дін
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың
дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу,
емдеу ұйымдарының және ӛзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс
жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер
баланың ӛмiрi мен денсаулығына қатер тӛндiретiн, оның құқығын бұзатын және
жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының
немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге
тарту жӛнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
|