Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті
іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым-қатынасқа түскенде
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік -
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу
үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар
шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір
жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді
ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен
ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде,
әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс —
тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог
В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай
бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның
жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі
азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен
санасуына ықпал етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: