Парадигматика – 1) Тілді жүйелі зерттеуде тіл бірлігінің
екі түрлі қатынасына (парадигматикалық және синтагматикалық)
байланысты болатын екі аспектінің бірі. Яғни тіл жүйесінің
элементтері ретіндегі лингвистикалық бірліктерді зерттеу аспектісі.
2) Линвистикалық топтардың-парадигмалардың жиынтығын
құрайтын тілдік жүйе.
Полисинтетикалық тiлдер – Тiлдердiң инкорпоратив
типiмен барабар.
Предикат – Сөйлемнің конститутивті мүшесін білдіреді,
яғни ол субъект жөнінде баяндайды. Предикат субъект туралы
кез-келген хабарды белгілемейді, ол заттың қасиетін, жағдайын,
басқа заттарға деген қатысын білдіреді. Предикат термині ор.т.
Сказуемое, қаз. т. Баяндауыш теминіне сәйкес қолданылады,
Сөйлемнің тұрлауы мүшелерінің бірін білдіреді.