Франц Бопп (1791-1867).
Франц Бопп Майнц қаласын-
да туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы,
араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин
университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің
профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -
«Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот,
неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш
томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861
жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет
басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |