Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет60/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

3.3. Түбір тілдер
Түбір тілдердің (кейде даралаушы тілдер деп те аталады) 
қатарына  қытай-тибет  тілдері,  аустро-азиат  тілдері  (қытай, 
вьетнам, бирма, мунда тілі т.б.) жатады.
Түбір тілдердің басты ерекшеліктері мынада:
1.  Аффикстік  сөзжасам  және  аффикстік  форма  жасам 
мүлде  болмайды.  Бұл  тілдерде  сөзжасамның  негізгі  тәсілі  – 
сөздер тіркесі.
2. Әрбір буын белгілі бір мағынаны білдіреді. Бұл жерде 
орыс тілінің морфемасына немесе бір буынды сөздеріне сәйкес 


– 
84 

Салғастырмалы тіл білімі
келеді, алайда, орыс тілінің буын түріне ұқсамайды.
3. Әрбір буының өзіндік айтылу ырғағы немесе тоны бар, 
оны  этимологиялық  ырғақ,  этимологиялық  тон  деп  айтады. 
Фонемалық құрылымы бірдей буын, әртүрлі дауыс ырғағында, 
әртүрлі  тонмен  айтқанда  ол  сөз  мүлде  өзгеше  мағынаға 
ие  болады.  Мәселен,  қазіргі  қытай  тілінде  4,  ал  вьетнам 
тілінде  6  негізгі  этимологиялық  тон  бар.  Алайда,  аталмыш 
тілдердегі барлық буын атаулы ол ырғақтың  барлығын бірдей 
қабылдамайды.
4. Аффикстері мүлде болмайтын түбір тілдерде сөздердің 
тіркесу тәртібі (орны) мен көмекші сөздердің рөлі өте маңызды. 
Сөйлемдегі  сөздің  (буынның)  синтаксистік  функциясын  ол 
сөздің қандай орында тұрғанына қарап қана ажыратуға болады.
Түбір тілдердегі сөз табы осы күнге дейін ең актуальды 
және  негізгі  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Белгілі  бір 
этимологиялық тонмен айтылатын бір сөз (буын) зат есім және 
етістіктің,  зат  есім  және  сын  есімнің  т.с.с.  қызметін  атқаруы 
ықтимал.
Сонымен, түбір тілдерде сөз түрленбейді, сөзжасамы әлсіз 
дамыған, грамматикалық мағына үшін сөздердің орын тәртібі 
мен интонация қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет