Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
5.2 Тілдік құрылым, тілдік жүйе Типологиялық талдаудың жеке әдісіне т а к с о н о м -
и я (категоризация, жіктеме) жатады. Таксономия тілдік
материалды жіктеудің жалпы ұстанымдары мен ережелерінің
жиынтығы болса, жіктеме материалдарды топтарға бөлу болып
табылады. Ал категоризация деп жиналған материалды тиісті
топтарға іріктеп, бөлу процесін айтады.
Таксономия (грек. taxis құрылыс, тәртіп, орналасу, nomos
заң) - лингвистикалық нысандарды (тілдер мен тілдік бірліктерді)
топтастыру принциптері мен ережелерінің жиынтығы.
Таксономия сонымен бірге топтастыру (классификация)
ұғымын да білдіреді. Оның екі түрі бар: табиғи және жасанды.
Табиғи таксономия тілдердің табиғи қасиеттеріне негізделеді,
оған генеалогиялық топтастыру жатады. Жасанды таксономияға
алдын-ала болжанған логикалық принциптерге сүйенеді. Оған
типологиялық топтастыру жатады.
Ең алдымен, типологиялық тұрғыда жеке тіл дегеніміз
не? деген мәселені анықтап алу керек. Жалпы тілді «тарихи
жағдай» (мысалы, қазақ тілінің тарихы) және «белгілі бір
тарихи кезеңдегі жағдайы» (мәселен, қазіргі кезеңдегі қазақ
тілінің нормасы) деп жіктейді.
Типологияның да негізгі нысаны – тіл. Бірақ ол тіл
«тарихи нысан» ретінде немесе тілдің синхронды жағдайымен
ғана байланысты емес. Тіл болғанда ол жеке-жеке тілдердің