5.5. Коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктері
Лингвистикада әрбір нақты тіл әлемді тану мен
қабылдаудың әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар
әрбір тіл қолданушы осы бір ерекше жүйе негізінде өзін
қоршаған тілдік емес шындық болмысты өзінше қабылдаумен
қатар, лексикалық бірліктердің семантикасын, сонымен бірге
морфологиялық және синтаксистік құрылымдардың, қандай да
бір категориялар мен сөзжасам жүйесіндегі (оның ішіне әлемнің
тілдік бейнесі де кіреді) ерекшеліктерін жинақтайды.
–
123
–
Есеналиева Жанар
Тіл білімі тұрғысынан алғанда жалпы адамзаттың
ойлау жүйесі бірдей. Сондықтан олардың жаратылыстық
және қоғамдық құбылыстар жөніндегі танымдары да бірдей.
Оларды тек ой формасы болып табылатын тіл ғана бір-бірінен
өзгешелендіріп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, тіл біртүрлі
мазмұнды түрліше формада бейнелейді. Басқаша айтқанда,
әлемдегі барлық тілдер ортақ мазмұнды түрліше формада
сипаттайды. Әйтсе де, ол тілдердің арасынан семантикалық,
танымдық универсалийлерді табуға болады.
Танымдық универсалийлер синхронды (мысалы,
кейбір сәйкестіктер тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ғана
болады) және диахронды (тіл дамуындағы заңдылықтарды
білдіретін сәйкестіктер) болып бөлінеді. Олар бір-бірімен
тығыз байланысты. Себебі қандай да болмасын диахроникалық
процестердің жиынтығы тілдің синхронды жағдайын көрсетеді.
Өйткені тілдің синхрондық жағдайынан тыс ешқандай
диахроникалық процестердің де болуы мүмкін емес.
Танымдық универсалийлерді анықтау тек лингвистика
үшін ғана емес, психолингвистика мен когнитивтік лингвистика
үшін де маңызды екені белгілі. Оның адам мінез-құлқының
тілдік аспектілерінің заңдылықтарын айқындауда, оларды
зерттейтін ғылым саласының дамуына да тигізетін әсері мол
[1,58].
К.Аханов «әртүрлі тілдерді зерттеу барысында олардың
өзара ортақ белгілері лексика саласынан ғана емес, сонымен
бірге, грамматика саласынан да табылып, айқындала береді...»,
- дей келе, тілде тілдік ұқсастықтардың «тегіннен-тегін»
болмайтынын ескертеді.
Әртүрлі тілдерді талдау, танымдық универсалийлерді
айқындауға көмектеседі. Жеке тілдік фактілерден жалпы
тілдік фактілерге қарай талдауда тілдер арасындағы танымдық
универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік жүйе
ретінде қарастырады. Осы ретте мынадай басты үш ұғымның
арақатынасын анықтап алған дұрыс:
–
124
–
Салғастырмалы тіл білімі
• танымдық универсалийлер мен оларды дамытушы
факторлар (яғни тілдік ұқсастықтардың таралу сипаты
мен өзгешеліктері);
• танымдық универсалийлер мен оларды қалыптас-
тырушы факторлардың сабақтастығы (танымның
жалпы адамзаттық белгілері);
• тілтанымдық универсалийлердің актуалдану себептері
(тіл мен таным қарым-қатынасының универсалды
табиғаты) [2,53].
Танымдық универсалийлер нақты тілдердің әртүрлі
қабаттарынан, деңгейлерінен, тілдік жеке элементтерден бастап,
тілдің бүтіндей жүйесіне негізделгенде ғана толық анықталады.
Жалпыға бірдей мәдениет болмаса, жалпыға бірдей мінез-
құлық та болмайды. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын
түсіну үшін, оларға тән дәстүрлі қандай мінез-құлық бар екенін
анықтау керек. Әр ұлттың өзіне тән ұлттық мінез-құлқы бар.
Ұлттық мінез-құлық дегеніміз белгілі бір ұлттық қоғамға тән
әлеуметтік-психологиялық белгілері және рухы көрнісінің
жиынтығы. Ұлттық мінез-құлқы пен ұлттық менталитет тығыз
байланысты. Ұлттық менталитет адамның қоршаған ортаны
қабылдаудағы және оның қоршаған ортаны сезіну, оған әсер ету
ерекшелігі. Бұл өз кезеңінде тарихи тұрғыдан экономикалық,
саяси шарттарға негізделеді, соған байланысты анықталады.
Ұлттық мінез-құлық тарихи құбылыс. Ол қоғамдық қарым-
қатынастың нәтижесі.
Коммуникативті мінез-құлық - адамдардың белгілі бір
тобының қарым-қатынас пен нормалар жиынтығы. Ол ұлттық
мінез-құлықпен тығыз байланысты. Ұлттық коммуникативті
мінез-құлық - белгілі бір қатынастың нормалары мен
дәстүрлерінің жиынтығы. Лингвомәдени бірлестік - халықтың
бірлігі, оның тілі мен мәдениеті. Коммуникативті мәдениет –
ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, халықтың коммуникативті
мінез-құлқы, ұлттық мәдениеттің үзіндісі іспеттес. Халықтың
коммуникативті мінез-құлқын сипаттау ұстанымдары болу
керек.
–
125
–
Достарыңызбен бөлісу: |