Реакциялық партиялар - қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға
немесе дəуірлерге қайтып оралуды көксеуші партиялар.
Реваншизм - жеңілген мемлкеттің жаңа соғыс арқылы бұрынғы жерін
қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге
тырысады.
Революция - қоғамның барлық əлеуметтік-экономикалық саяси
құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс. Оның біртіндеп, ақырын дамитын
эволюциядан жəне ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор. Ол
көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын
объективтік өзгерістер нəтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне
үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып, одан жоғары прогресті
құрылысты
орнатқысы
келген
таптар, əлеуметтік
топтар
жатады.
Революциялық құрылыстың субъектісіне жəне оның алға қойған мақсатына
байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлт-
азаттық жəне т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор
жеделдетеді.