(базар жоқ, косякқа кіру, крышасы бар, танкісі бар). Кел-
тірілген мысалдардың екі факторға да қатысы бар. Аз топтардың (мы-
салы, орыстардың) территориялық жəне тілдік қатысы мен жергілікті
топтардың (қазақтардың) өзара əлеуметтік байланысын байқататын мо-
тивтер деп айтуға болады.
Мысалы:
Бөшке домалату- бочку катить (жала жабу); Көзімен адам жеу- пожирать глазами (1.жақтырмай қарау; 2.жақсы көріп қалу) .
Неофразеологизмдер мен фразеологиялық деривация қанадай
заңдылықтарға сүйеніп жасалса да, тілдік нормадан ауытқымауы тиіс.
Ауызекі сөйлеу тілі тіл мəдениетінің барлық талаптарына сай келе бер-
мейді. Дегенмен де мұндай тілдік деректер əрдайым есепке алынып,
экстралингвистикалық жəне лингвистикалық себептердің уəжділіктерін
талдап отыру – міндет.