134
«Айы оңынан туу» фразеологизмінің астарында халықтық бақылау
тəжірибесі жатыр. Адамдар жаңа туған айдың алғашқы формасына қарап,
жауын-шашынды немесе жайлы болатынына қарй алдағы күн-көріс тір-
шілігі мен шаруашылығын жоспарлай алған. Егер ай шалқалап жатып
туса, «өзіме жайлы, шаруаға жайсыз» деп айтады деген түсінік бар.
«Жұлдызы солынан туу» – ежелгі түсінік бойынша адамдардың
жұлдыздары əр алуан: кейде топырақ, кейде су, кейде от, кейде жел сияқты
болып келеді, бұл сол адамның мінездемесін, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды белгілейді. Жұлдызы су сипатты адам жұлдызы от сияқты
адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-зайыптыларды
көргенде «бұлардың жұлдызы жараспады» дейді, өмірі бір біріне өш
болып өткен немесе жауласып өткен адамдарды «бұлардың бірі-бірі-
не жұлдызы қарсы» дейді. Қазіргі бұл наным-сенімнің сарқыншақтары
аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді (Ғызыхан, 342).
Түркі халықтарының мəдениетінде
Достарыңызбен бөлісу: