Монография «Елтаным баспасы»


Демек когнитивтік жүйе – индвидуальді өмірлік тəжірибе, яғни



Pdf көрінісі
бет65/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

 
Демек когнитивтік жүйе – индвидуальді өмірлік тəжірибе, яғни 
адамның танымдық тəжірибесін бейнелейтін оның білімі мен 
ой-пікірлерінің жүйесі. Тіл адамдардың іс-əрекетінен тыс дамымай-


57
ды, адамды тілі арқылы тану, білу, зерделеу оның этноментальдық 
өмірінен толық ақпарат береді.
Тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі өркениет пен мəдениеттің əр 
түрлі кезеңдерінен өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитив-
тік қана емес, этикалық-моральдық, ментальдық тұрғыдан да таныта 
алады. Əлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде концепт ретінде танылған 
ұғыммен мағыналық байланыста тұратын фразеологизмдердің маңызы 
ерекше.
Фразеологиялық мағына мен концептінің арақатынасы туралы 
Н.Ф.Алефиренко: «фразеологиялық мағына жасауға қатысатындар: ког-
нитивтік негіз ретінде қызмет ететін заттар мен құбылыстар, шындық 
өмір оқиғалары, жалпы адамзаттық қабылдау үлгісімен «қарабайыр се-
мантика» арқылы қалыптасқан «
əмбебап-концептілер»
жəне əлемдік 
əлеуметтік-психологияны бейнелейтін түрлі ұлт тілдеріне тəн – «
ерек-
ше-концептілер»
дейді. Автор фразеологиялық тұлғаларға когнитивтік 
негіз болатын паремиялар мен афоризмдерді де қосады [2004:132-133]. 
Бұл арада жалпы адамдарға тəн ортақ қабылдау «
əмбебап-концептілерді», 
ал жеке ұлтқа тəн қабылдау үлгісі «
ерекше-концептілерді» 
құрайтынын 
айтып отыр.
Фразеологизмдерде адамдардың күн көру, мəдени өмір салты ғана 
емес, халықтың тұтастай ұлттық ерекшеліктерінің көрінетіндігі ешбір 
күмəн тудырмайды. Сондықтанда фразеологиялық концептілердегі 
мұндай айырықша сипаттар зерттеушілер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет