Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

эмоционалды
(эмоционалды жауаптылық, эмпатия, басқаға 
сезімталдық, жанашырлық, серіктестердің іс-әрекеттеріне назар аударуды 
қамтиды); 
-
танымдық
(басқа адамды білуге байланысты, басқа адамның мінез-
құлқын алдын-ала білу, адамдар арасында туындайтын түрлі мәселелерді тиімді 
шешу қабілетін қамтиды); 
-
мінез-құлық
(баланың ынтымақтастыққа, бірлескен іс-әрекетке, 
бастамашылдыққа, қарым-қатынастағы барабарлыққа, ұйымдастырушылық 
қабілеттерге және т.б. қабілеттілігін көрсетеді). Сонымен, педагогикалық 
шеберлік дегеніміз–жүйелі үрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа 
жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Кәсіптік позицияны 
қалыптастырады.

Көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі 
тәжірибесіне сүйене отырып, былай деп жазғаны бізге мәлім: «Менің 
педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға ешбір әуестенбей-


45 
ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға 
тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу 
керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл 
сөзінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ, бір нәрсе айқын: 
педагогикалық қабілеттілікті, артистизмді қалыптастыруға болады [40]. 
Психодраманың негізін салушы Якоб Леви Морено (1889 1974).
Университетте оқумен қатар, Морено ойын әдістемелерінің терапевттік 
потенциалдары туралы да ойлады. Бұған түрткі болған оның балалар ойынына 
қарауы еді, процесс кезінде ол серуендеп жүрген балалардың өз қиялдарына 
берілулеріне де көңіл бөлді. Морено балалардың шығармашылығын және 
спонтандылығын дамыту үшін
 
Морено үлкендер үшін «балалар патшалығын» түсінікті болуы туралы 
ойлады. Ол Венаның үйлерінің бірінен соңғы қабаттан пәтер жалдап, сонда ол 
өзінің 
актер 
достарымен 
рөлдік 
және 
импровизациялық 
ойындар 
ұйымдастыратын, әркім өз тілеуі бойынша әртүрлі рөлдерді ойнай алатын 
импровизация Театрын құрды. Импровизациялық Театр жеке қабілетінің 
өзгеруінің практикасына немесе психикалық дамуының гармонизациясына 
бағытталмаған еді. Ұқсас позитивті әрекеттер тек театрлық қойылымдардың 
қосалқы әсерлері ретінде белгіленді. Мореноның басты идеясы және оның 
негізгі дәлелдері рухани түрде болды:өз ойын еркін жеткізу үшін шексіз 
мүмкіндікті шығармашылық МЕНді өмір театрында нақтылау қажет. 
1925 жылы Морено АҚШқа қоныс аударды.Бэкон қаласында(Нью Йорк 
штаты) ол жеке психиатриялық санатория ашады. Оның негізінде 
импровизациялық театрды дамыту жалғасатын терапевттік театр құрылады. 
Театр үш қабатты сахнадан, көрермендік залдан тұратын балконнан тұрады. 
Бұл сахнада Морено көп жылдар бойы вендік жол салушылардан 
психодраманы 
құрып, 
оны 
көп 
дербес 
техникалардан 
тұратын
дифференциалды психотерапевттік әдіске айналдырды.
1931-1932 жылдары Морено топтық жұмыс кезінде спецификациялық 
құрамды операцияларды анықтау үшін «топтық психотерапия» терминін 
енгізді. 1942 жылы Бекон қаласында психодраманың қажетті бір бөлігі болып 
қалатын әдістерін зерттейтін және техникалық тәсілдерді өңдейтін 
психодраматикалық терапия клиникасы ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет