70
рөлге ие, сондықтан да, кей зерттеулерде бұл құзыреттілікті еңбек ету
құзыреттілігі деп те көрсетіледі. Жоғарыдағы ұсынылған мәліметтерді
қорытындылай отырып, трансверсалды құзыреттілікті – дамушы қоғамдағы
білім мен ғылымның көптеген салаларын қамтитын, болашақ мамандардың
мақсатқа дұрыс және тиімді жолмен жету жолында қажет деп қарастырылатын
дағдылардың жиынтығы деп қарастыруға да болады. Кейінгі жылдары
трансверсалды құзыреттіліктің дамуына айрықша көңіл бөлініп жатқандығы
айтылып жүр. Осыған орай, аталған құзыреттіліктің еліміздегі ЖОО-дағы
қалыптасу жайы туралы қарастырған едік.
Режиссура классиктері; К.С. Станиславский, В. Немирович-Данченко, В.
Мейерхольд, А. Таиров, А. Папов пластика іліміне зор көңіл бөлген. Атақты
режиссер, өнер қайраткері халық әртісі, профессор Маман Байсеркенұлы өзінің
«Сахна және актер» атты кітабында «Ерттеулі аттай көз тартар ерекше бітім,
адам тәнінің көркемдік қасиеттері жойылып барады. Әсемдіктің орнына
әсемпаздық,
сұлулықтың
орнына
сұмпайылық,
көріктілік
орнына
кердеңдеушілік, адыраңдаған, едіреңдеген, ербеңдеген тұрпайы қимылдар мен
қозғалыстар көбейіп кетті. Соның салдарынан сөз бен сымбаттың келісімділігі
өзара үйлесім өрнегін таппайтын болды»- деп ренішпен жазады. Сол секілді
оқытушылардың тек сөз әрекетімен ғана емес тұлға қимыл-әрекетімен де
жаттығуы керек екенін естен шығармаса дейміз. Егер жазушы алдына белгілі
бір мақсат қойса, ол оның сол тақырып жөнінде айтайын деген идеясы болып
есептелінеді. Режиссерлерде де көкейкесті мақсат болады, сол іспеттес
оқытушылардың да ашылатын жаңа тақырыбының негізгі түйіні мақсаты,
идеясы бар. Оқушыларды шығармашылық ізденісі арқылы көру, есту
зейіндерінің көлемін кеңейтіп дамыту барысында ойын, арифметикалық
есептеу, тіл мәдениеті, дауыс тембрі, дұрыс қимыл, әдемі жест, қарапайым
қимылдар, орындықта шусыз отырып тұру, аяқтың адымын дұрыс алу т.б.
әрекеттерге арналған жаттығулар жасалынады.
Педагогика пәнінде тақырыптар өте бай. Мысалы; «қанатты сөздер»
тапсырмасында оқушылар сабақ соңында оқып шыққан мәтіндерден, қай
оқушы қай жерде оқу мәнерін бұзды, қай сөзде дыбыс екпінін дұрыс қоймады,
деген кемшіліктерді талдаумен сабақты аяқтайды. Қай кезде рөлдік ойындар
ойналады. Мысалы: сот, хатшы, айыпталушы, адвокат, куәгерлер т.б. Бұл
рөлдік ойындар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, пікір таластыру мәдениетін,
сөйлеу мазмұндылығына құралады. Онымен қоса образдық талғам, сенімділік,
жест, мимика үйлесімділігі де есепке алынады. Ойын сабақ соңында ойналып,
талданады. Әрине оқушылар кәсіби әртіс боламғандықтан олар кейіпкерлерді
шамалары келгенше, өз қиялының зердесі жеткенінше сомдайды.
Педагогикалық артистизмді меңгерудің әдістемелік ұсыныстарын
қалыптастырдық. Педагогикалық артистизмге кешенді түрде үйрету қажет.
Сонымен, біздің зерттеуімізге қажетті әдебиеттер көлемін талдай келе,
жұмыстың басында қойылған міндеттеріміз мен мақсатымызға қол жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: