14
тұрмысқа қажетті дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Нәтижесінде
студенттер жалпы мәдениетаралық және танымдық, кәсіби –коммуникативтік
және лингвистикалық құзіреттеріне ие болады.
Ұсынып отырылған бағдарлама аталған құзіреттіліктерді іске асыру
мақсатына бағытталған және төмендегідей принциптерге негізделеді:
-
сөйлеу дағдыларын меңгеру барысында кәсіби - коммуникативтік
құзіреттілікті қалыптастыру;
-
оқыту материалдарының мазмұнын және құрамын іріктегенде
пәнаралық байланысты ескеру;
-
түп нұсқадан алынған оқу материалдарын қолдану;
-
шетел тілін оқыту мен оқу үдерісін жеке тұлғаға лайықтау;
- студенттердің өз жауапкершілігі мен дербестігіне сүйену;
-
оқу үдерісінде рефлексия мен өзін –өзі бағалауды қалыптасытыру
тәсілдерін пайдалану;
-
оқу барысында электрондық технологияларды қолдану;
-
интерактивтік тәсілдерді кеңінен қолдану.
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің ерекшелігі шетел тілін оқыту
барысында шетел тілі мен мамандыққа қатысты пәнаралық байланыстарды
күшейту арқылы болашақ мамандардың кәсіби тілдік біліктілігін жетілдіруге
аса көңіл бөлетіні.
Ұсынылып отырылған бағдарлама 5B060700 – «Биология» мамандығы
бойынша білім алып жатқан студенттерге арналады. Бағдарламаның мақсаты
студенттердің кәсіптік коммуникативтік құзыреттерін қалыптастыру.
түп нұсқадағы мамандыққа байланысты мәтінді түсіну және оқу;
түп нұсқадағы ауызша монологтық және диалогтық сипаттағы
мәтіндерді, дәрістерді, сұхбат, әңгімелерді, пікірталасты түсіну;
түп нұсқадағы мамандыққа байланысты жазбаша және ауызша
ғылыми мәтіндерге шетел тілінде аннотация жазу;
шетел
тілінде
мамандыққа
байланысты
тақырыптардағы
хабарламалар мен баяндаммалар презинттациялар жазу және ауызша түрде
жеткізу;
Мамандыққа байланысты ақпараттық сипаттағы мәтіндерді
(хабарлама, баяндама, шолу) жаза білу;
Іскерлік хат –хабар алмасу және жаза білу;
Мамандыққа байланысты мәтіндерді шетел тілінен ана тіліне, ана
тілінен шетел тіліне жазбаша түрде аудара білу;
Мамандыққа байланысты мәтіндерді шетел тілінен ана тіліне, ана
тілінен шетел тіліне ауызша түрде аудара білу;
Достарыңызбен бөлісу: