24
студенттердің жоспарлауда және физикалық тәжірибе жүргізуде,
сондай-ақ өлшеу нәтижесін өңдеуде біліктілігін арттыру;
өлшеу құрылғысымен жұмыс істеуде біліктілігін қалыптастыру.
Физика заттар және өрістер қозғалыстарының заңдарын, ортақ
қасиеттерін сипаттайтын ғылым болып табылады. Затпен қатар өріс бір
материяның бөлігі. Физиканың дамуы математикалық әдістерінің дамуында
жаратылыстану бақылайтын процестерді сипаттайды және табиғаттағы
көптеген заңдарды тұжырымдауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі физика
материяның базасын, қозғалыс заңдарын оның барлық деңгейлерінде
иерархиялық құрылыстарын сипаттайды.
Физиканың классикалық курсына кинематика, механика, арнайы
салыстырмалылық теория, термодинамика, статистикалық физика, электр және
электромагнетизм, тербелістер және толқындар, оптика, кванттық механика,
қатты дене физикасы, ядролық физика, қарапайым бөлшектердің физикасы
сияқты бөлімдері кіреді.
Физика ғылыми-жаратылыстану кең ортаны, техникалық және өндірістік
мәселелерді қамтиды, қазіргі биологияның базалық пәндерінің бірі болып
табылады. Физикасыз заманауи биотехнологияның жүзеге асуын және дамуын
көзге елестете алмаймыз.
Тарихқа шолу жасасақ, биология физикамен бірге дамыды, кей
жағдайларда биологиялық тәжірибелер физиканың сұрақтарына жүгінді, кей
жағдайларда физика биологиялық және медициналық зерттеулерді дамыту
үшін база құрды. Физика курсын оқыту барысында биотехнология
мамандығының студенттері негізгі ұсыныстарды, физика құрастыратын
технологияларды және бейсызық физика, синергетика, ашық жүйелер
физикасы сияқты заманауи физика бөлімдерінен терең білім алуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: