ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ «Биотехнология нысаналары» бағдарламасының курсы «5В070100-
Биотехнология» мамандығы бойынша кредиттік технология негізінде бакалавр
студенттерін дайындайтын университеттерге арналған.
Биотехнология нысаналары – биотехнологиялық өндірістің орталық және
міндетті элементі. Олар оның арнайылығын құрайды. Биотехнология
нысаналарына тірі ағзалар топтарының көптеген өкілдері – микроорганизмдер
(вирустар,
бактериялар,
протисттер,
ашытқылар,
микробалдырлар,
цианобактериялар және т.б.), өсімдіктер, жануарлар, және олардан бөлініп
алынған клеткалар мен субклеткалық құрылымдар. Осы курста биотехнология
нысаналарының (вирустар, бактериялар, ашытқы және мицелиалды
саңырауқұлақтар,
фототрофты
микроорганизмдер,
жоғары
сатыдағы
өсімдіктер, жануарлар) құрылымды-морфологиялық ерекшеліктері нақты
көрсетілген.
Биотехнология тірі жүйелерде жүретін және нәтижесінде энергия бөлінуі,
метаболизм өнімдерінің синтезі мен ыдырауы, клетканың химиялық және
құрылымдық компоненттерінің түзілуі жүзеге асатын физиологиялық-
биохимиялық үдерістерге негізделеді. Осыған байланысты курста эукариот
және прокариот клеткаларында зат пен энергия алмасуының ерекшеліктері
көрсетілген.
Курста
бионысаналарын
өсіру
тәсілдері
қарастырылады,
биотехнологиялық маңызды ағзаларды таңдау принциптері және негізгі
талаптары, оларды сақтау әдістері баяндалады. Аса назар өсімдік және
жануардардың клеткалар мен ұлпалар культуралары сияқты биотехнологияның
47
нысаналарына бөлінеді. Биологиялық нысаналарды қолданудың қолданбалы
аспектілері қарастырылады.