Митоздық сегрегация (ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік (лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология – ДНҚ-ның рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру (ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер (ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.