Тақырып 4. Ж.Баласағұни тәрбие мақсаты туралы
Бүгінгі күндегі тәрбиенің нақты мақсаты - адамды
қабілеті мен дарындылығына сүйене отырып, жан-жақты
дамыту. Осы мақсатқа сәйкес мектепте әрбір балаға жеке
тұлға ретінде қарап, оның ӛзіне тән санасы, еркі, ӛзіндік
әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып,
тӛмендегі міндеттерді жүзеге асыру кӛзделеді:
- қоғамдық мораль талаптарына сай адамгершілікке
тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениет пен ӛнер негізінде жан-жақты
эстетикалық тәрбие беру: сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
- адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени
мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани
игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
-
жастар
тәрбиесінде
«бостандық»,
«теңдік»,
«демократия» деген үш ұғымның маңызын жете түсіндіру,
мемлекеттік белгілерді сыйлау;
- мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен
қарау, оны жүзеге асыруға дайын, ынталы болу, қоғамдық
заң ережелерін бұзушыларға тӛзбестік білдіру, бұл жолда
азаматтық жауапкершілік кӛрсету, адамгершілікке жат
кеселдерге қарсы күресуді әрбір жастың күнделікті мінез-
құлқына айналдыру;
- жастардың ішімдікке, есірткіге әуестенуіне жол
бермей, салауатты ӛмір сүруге баулу.
Бұл міндеттерге жету құралы біріншіден, адамның
мәдениеттің базалық негіздерін игеруі болып табылады.
Осыдан келіп тәрбие мазмұнының негізгі ұғымы - жеке
тұлғаның базалық мәдениеті туындайды: экономикалық
мәдениет, еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық,
құқықтық, адамгершілік, экологиялық, кӛркемдік, тағы
басқа мәдениеттер;
- екіншіден, балалар мен ересектердің бірлескен іс-
әрекеттері;
- үшіншіден, ӛзін-ӛзі анықтау. Тәрбие мазмұнының
маңызды элементі - адамның ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтау
мәдениеті. Ӛмірлік ӛз орнын табу кәсіптік, тіпті
азаматтыққа қарағанда кең ұғым. Ӛзін-ӛзі анықтау
мәдениеті адамды ӛз ӛмірі мен ӛз бақытының иесі
(субъектісі) ретінде сипаттайды;
- тӛртіншіден, тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы.
Тәрбиенің негізгі орталығы - бағдарламалар, шаралар,
формалар мен әдістер емес, адам болу керек, сондықтан
адамның дара қабілеттері мен қызығушылықтарын,
жауапкершілік сезімдерін, т.б. дамыту керек;
- бесіншіден, еріктік;
- алтыншыдан, ұжымдық бағыттылық.
Жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ету үшін
Ж.Баласағұнидің
тұлға
сипаттамасындағы
тӛрт
құрылымдық компоненттің болуы шарт:
-парасат (сӛзбе-сӛз сана, ақыл, ойлау қабілеті,
даналық), бұл компонент тұлғаның когнитивтік құбыласын
тудыра отырып, оның танымдық, санаткерлік іс-әрекетімен
сай келеді;
- қанағат (сӛзбе-сӛз қанағаттанарлық, алғыс, ӛзіңде бар
азға да қанағат тұту, бірақ азға қанағат тұтып қалмай ӛз
мақсатыңа жетуің керек, ол үшін біреудің ала жібін аттама),
бұл тұлғаның рухани-адамгершілік құбыласын тудыра
отырып, оның құндылық-бағыттылық іс-әрекетімен сай
келеді;
- әділет (сӛзбе-сӛз әділеттілік, ақиқат: адамның
әлеммен, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасының ең
жоғарғы деңгейі), бұл тұлғаның әлеуметтік-нормативтік
құбыласын тудыра отырып, оны коммуникативті реттеу іс-
әрекетімен сәйкестендіреді;
- дәулет (сӛзбе-сӛз молшылық, жетістік, материалды
байлықты білдіреді, әрине бұл жерде бірінші және негізгі
байлық психикалық және физиологиялық денсаулықты
білдіреді), бұл құрылымдық компонент тұлғаның психо-
физиологиялық
құбыласын
тудыра
отырып,
оның
эстетикалық, дене және тәжірибелік іс-әрекетімен сай
келеді.
Тұлғаның үйлесімді дамуы осы тӛрт құрылымдық
компоненттің ӛзара бір-бірімен тепе-теңдігінен кӛрінеді –
«тӛрт құбыласы тең». Осы тӛрт құбыланың біреуі бұзылған
жағдайда немесе олардың дамуында тепе-теңдіктің
болмауынан тұлға тұтастығының үйлесімділігі болмайды.
Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни тұлғаның осы қасиеттері ел
басшылары мен халық батырларына, әмірлер мен
падишахтарға тән болу керектігін кӛрсетеді. Бұл тәлімдік
идеялар қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыру
мақсатымен ӛзара байланысып, бүгінгі таңда да
маңыздылығы артып отыр.
Осы тұжырымдама қазақ халық даналығындағы «сегіз
қырлы бір cырлы» нақыл сӛзімен байланысып тӛрт
құбыланың (психо-физиологиялық, әлеуметтік-нормативтік,
когнитивті,
рухани-адамгершілік)
қиылысуы
мен
ажырамастығын кесімдейтін тұлғаның сегіз қырын
кӛрсетеді.
Қазіргі кезде педагогика ғылымында жетілген адамды
тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру кӛкейкесті мәселе болып
табылады. Қазақ этнопедагогикасын зерттеуші ғалым
К.Ж.Қожахметова
жетілген
адам
қазақ
халқының
түсінігіндегі «сегіз қырлы, бір сырлы адам» екендігін айта
келіп, ер жігіт пен қыз баланың бейнесін сомдайды [16.
Б.169-171].
Осы
бейнелердегі
негізгі
сипаттар
Ж.Баласағұнидің «текті, парасатты адам» бейнесімен
тікелей астасып жатыр. Мұның ӛзі бүгінгі қазақ педагогика
ғылымының бастау бұлағы сонау кӛне замандағы
Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясынан туындап
отырғанын дәлелдейді.
Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында тәрбиенің
практикалық мәнділігіне сәйкес мақсаты да кӛрсетілген.
Адамды ӛмірде үш рольге – азамат, қоғам иесі, отбасы иесі
ретінде тәрбиелеуге ерекше орын берілген.
Азамат ретінде адамға тән сапалар кісілік, тектілік,
парасаттылық, жолдастық, достық, рухтылық, мәрттік,
серілік, антқа беріктік, аманатқа адалдық сияқты
қасиеттерді ұлағат етеді. Дастанның мазмұны азаматтың
кісілік қадір-қасиетін, мән-мағынасын, қыр-сырын терең
сипаттауға бағытталған. Мәселен:
«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те –
Кісілікті кісілікпен құрметте!
Тірі кісі кісілігін асырсын;
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол;
Кісілікке түсер содан ұлы жол;
Адамшылық жаса адамға, адам бол;
Адам атын мақтаныш қып адал бол!
Сонымен бірге дастанда адамның Отаны, туған жері,
атамекені алдындағы перзенттік парызы дәріптеледі. Елдің
бірлігін, мемлекеттің мызғымастығын, халықтың байлығын
сақтап қалу үшін ғұлама жастарды еңбекқор болуға,
отансүйгіштікке шақырады, ерлік, батырлық, намыскерлік,
жауапкершілік сапаларын жоғары қояды.
Дастанда Ж.Баласағұни әр әлеуметтік топ иелеріне
нақты,
әрі
жан-жақты
сипаттама
бере
отырып,
әрқайсысының ӛз міндеттерін ашып кӛрсетеді. Мәселен,
дастанда хан, бас уәзір, бектер, әскер басшылары, елшілерге
тән сапалар беріліп, олардың қарапайым халықпен, басқа да
кәсіп иелерімен қатынасы сипатталады.
«Құтты білік» еңбегінің тағы бір ерекшілігі отбасы
тәрбиесінің қазіргі педагогикамен ӛзара үндесіп жатуы
болып табылады. Ж.Баласағұни жігітке жар таңдауда
айтқан ақылынан оның әйелдің отбасы иесі ретіндегі роліне
аса мән бергенін байқауға болады:
«Сұлуды аңсап, сор қума.
Бай әйелден үміткер,
Құлы болып қалма, білікті ер.
Адамшылық сіңген асылды ал.
Ақниет, әдепті, пәк ұятты,
Ақылды әйел ізде сен».
Сонымен Ж.Баласағұнидің тәрбие мақсаты туралы
идеялары қазіргі педагогикадағы тәрбиенің мақсатымен
тікелей байланысып, бүгінгі күнге дейін ӛз мәнін жоймай
келе жатқандығы оның ӛміршеңдігін, үнемі ұрпақ
тәрбиесінде жалғасын таба беретіндігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |