Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде) негізіндегі үйден оқыту
5-
сынып
1) Түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік
дамуы;кейіпкерлер портреті мен образы; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп
оқу, жатқа айту; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы.
2) Анализ және интерпретация:салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы
суреттеулерді табу; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы
мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы; эпикалық шығармадағы автор
бейнесі; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
3) Бағалау және салыстыру:шығарманың тарихи құндылығын бағалау;
кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; әдеби эссе; сыни
хабарлама жазу.
1. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Керқұла атты Кендебай» ертегісі;
2) Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі;
3) Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең
табылады?» әңгімелері;
4) Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты;
Достарыңызбен бөлісу: |