63
6-
сыныпта оқытудың міндеттері - қатынас, пропорция, тура
пропорионалдық тәуелділік, кері пропорионалдық тәуелділік; оң сан, теріс сан,
санның модулі (абсолют шамасы), берілген санға қарама-қарсы сан, бүтін сан,
рационал сан,
коэффициент, ұқсас қосылғыштар, перпендикуляр кесінділер,
параллель кесінділер, координаталық түзу, координаталық жазықтық,
координаталық ширек, тікбұрышты координаталар жүйесі, координаталық түзу
нүктелерінің
арақашықтығы, нүкте мен түзудің арақашықтығы, центрлік
симметрия, осьтік симметрия, масштаб ұғымдарын игеру; теріс және оң
сандармен арифметикалық амалдарды орындауда есептеу біліктігі мен дағдысын
қалыптастыру; пропорцияны қолданып,
мәтінді есептерді шығарумен
таныстыру; қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, ұқсас
қосылғыштарды біріктіру және жақшаларды ашу ережелерін қолдану арқылы
теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру; бір айнымалысы бар сызықтық
теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;
айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық
теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін қалыптастыру;
координаталық
түзуде берілген нүктенің координатасын табу, координатасы бойынша нүктені
координаталық түзуде салу, координаталық жазықтықта берілген нүктенің
координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені координаталық
жазықтықта кескіндеу біліктігін қалыптастыру; «функция» ұғымымен және оның
қасиеттерімен (анықталу облысы, функцияның өсуі және кемуі), функцияның
берілу тәсілдерімен, сызықтық функция ұғымымен,
оның қасиеттері және
графигімен таныстыру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін
қалыптастыру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін шығару
біліктілігін қалыптастыру; жазықтық, шар және сфера туралы түсініктерін
қалыптастыру.
21-
кесте.
6-
сынып математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 4 сағат
Достарыңызбен бөлісу: