52
Терінің негізгі заттары – бұл су және белоктар, аз кездесетіні – май және
май тәрізді заттар, сондай –ақ аз мөлшерде көмірсулар, минералды тұздар,
ферменттер.
Тығыз
құрылымды ересек мал терісінде жас мал терісімен
салыстырғанда су аз болады, қоңдылығы жоғары мал терісінде май көбірек
болады. Булы терідегі судың орташа мөлшері: опоек – 71 – 73 % ,яловка және
бычинада – 69, бугай – 67, шошқа терісінде -64 %.
Терідегі липидтер мөлшері кең көлемде ауытқып отырады. Қой
терісіндегі май мөлшері 30 % -ға дейін жетеді, ірі қара мал терісінде 0,5 – 1,5
% құрайды.
Белоктар терінің құрғақ заттарының 95 % жуығын құрайды. Тері
құрамына альбуминдер және глобулиндер, глюкопротеидтер (муциндер мен
мукоидтер),
фосфопротеидтер,липопротеидтен
мен
хромопротеидтер,
сонымен қатар склеропротеидтер (коллаген, кератин,эластин және
ретикулин) кіреді. Белоктардың 95 % - нен артығы коллаген үлесіне тиеді.
Бычина дермасындағы коллаген мөлшері булы массаның 33,2 % , эластин
мен ретикулин – 0,34, альбумин мен глобулин – 0,7, мукоидтер – 0,16
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: