•
Еліміздің ең ескі театрларының бірі атақты режиссер, драматург, қазақ кәсіби театр өнерінің
негізін қалаушысыларының бірі Жұмат Шанин атымен аталған. 2014 жылы театр үш қабатты,
классикалық және заманауи стильдер үйлестігінде салынған, алды төрт колоннамен сәнделген
ғимаратқа көшті. Театр аумағында қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал сквер
құрылған.
•
500 адамға арналған театр ғимараты барлық халықаралық талаптарға сәйкес. Сахнасының
биіктігі 30 метр. Театр репертуарында 42 спектакль бар, оның арасында 10 балалар мен
жасөспірімдерге арналған.
•
1932 жылғы 21 маусым күнгі Атрауовтың төрағалығымен өткен Оңтүстік Қазақстан
облисполкомның мәжілісінде Мемлекеттік қазақ театрын ұйымдастыру үшін Облфо-дан
ОблОНО-ға (Облыстық халық ағарту бөлімі) 1000 руб. беру жайында шешім қабылданды.
Оңтүстік Қазақстан ВКПб бюросының 1934 жылғы 29 октябрь күнгі мәжілісінде талқыланып,
шешім қабылдауы – театрдың жаңа тарихи күнінің кіндігін кесті. Облыстық халық ағарту бөлімі,
театрға қажетті мамандарды іріктеу мақсатында 1934 жылдың 11-маусымында көркемөнерпаздар
үйірмелерінің облыстық байқауын ұйымдастырып, байқаудан озып шыққандары, яғни Шымкент
коммунистік университетіндегі үйірме мүшелері Тәкен Мәдіқожаев пен Әуезхан Мырзалиев,
халық сотында қызмет атқарған Исабек Тәуірбалин, сонымен қатар үздіктердің қатарынан
табылған Жәнібек Арғынбаев, Мәлік Жүсіпов, Гүлжамал Батырғалиева мен Ақбөпе Даукенова,
Райысхан Байкеновтер театрға актерлік топқа іріктеліп алынды. Кеңестік дәуір ағымында қазақ
жастарының коммунистік тәрбиемен рухтанып жатқанын насихаттайтын Қазақ педагогика
институтының студенті Ғұзайыр Жасақбаевтың “
Достарыңызбен бөлісу: