«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт



Pdf көрінісі
бет169/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   295
Байланысты:
Неке

134-
бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт
1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы күтіп- бағу, тәрбиелеу 
және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, 
патронат тәрбиешілерге қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органның міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың 
тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуге тиіс. 
Бала патронат тәрбиешіге көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге 
беріледі. 
Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады. 
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, 
оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
2. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы және оларға ақшалай төлем төлеу тәртібі 
мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 
3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт: 
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының 
өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және 
басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша; 
2) баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған 
кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органның бастамасы бойынша; 
3) бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған 
жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет