«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ



Pdf көрінісі
бет262/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   295
Байланысты:
Неке

28-
тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
 
238-
бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер 


1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, 
белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-
зайыптылардың біреуінің өтініші, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы 
соттың заңды күшіне енген шешімі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік 
тіркеуге негіздер болып табылады.
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу 
кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар 
қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде 
жүргізіледі. 
3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот 
шешімінің негізінде жүргізіледі.
4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша: 
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген 
шешімінің;
2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы 
соттың заңды күшіне енген шешімінің;
3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан 
айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда бұзылады.
239-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет