Тапсырма 12. Мемлекет және азаматтық қоғам (Дөңгелек үстел). Әдістемелік нұсқау. Тапсырма Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының
өзекті бағыттарына арналған дөңгелек үстелге қатысу. Тапсырманы орындау барысында
жастардың нарық жағдайындағы проблемаларына мән беру керек. Студенттер осы
мәселенің мән жайын ұтымды талдап, ғылыми тұрғыдан өз көзқарастарын қисынды
қорғау үшін саясат институтының дамуына және өмір сүруіне сараптама жасауы,
саясаттың әлеуметтік өмірдегі мәні мен мазмұнын білуі керек. Тапсырма талқылау
формасында өтеді.