Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу . Қозу мен тежелу екуі де нейрондардың белсенді қызмет
қабілеті. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне
байланысты.
1862 жылы И.М.Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі
болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.
Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның
аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына
байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты
постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады.