Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет58/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

ӘОЖ 80 
 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ 
 
Багдатова Ж, Байбакирова Я. 
 
Ғылыми жетекші:
 
 
КеАҚ «Семей медицина университеті»

Семей қ. Қазақстан Республикасы
 
 
Тақырыптың мақсаты: 
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру. 
Зерттеу әдісі: 
талдау, сараптау. 
Тақырыптың өзектелігі: 
2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ 
сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын әліпбиін 
қарайтын кез келді. Бұл
мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, 
латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. 
Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де 
кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. 
Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. 
Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған 
қорқынышты ештеңе жоқ», деген болатын. Ендігі арада саяси
-
экономикалық, ғылыми 
және халықаралық маңызы бар бұл мәселені кідіртудің қажеті жоқ қой деп ойлаймын. 
Өйткені, ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары, 
әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін әлдеқашан пайдаланып та жүр. 
Бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға 
болады. Өйткені, ең бастысы 
– 
біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің 
бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб 
графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылды. Ал, латын 
әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық 
аяқталған болатын. 
Қорытынды: 
Латын әліпбиіне көшу мәселесіне өзі қолдау білдіріп отырғанда, 
ендігі арада бұл мәселені соза бермей, жан
-
жақты сараптамадан өткізу қажет. Қазіргі 
кезде латын әліпбиіне көшудің жобасын әзірлеп бекітіліп қойған. Өз еліміздің 
тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар, өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін 
кириллицадан латынға көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, тағы басқа 
елдердің тәжірибелерін зерттеп және де осы реформаның бұлардағы оң тұстары мен 
жіберілген кемшіліктерінің бәрін де зерделеп, жинақтып жатыр. 
Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне 
көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын 
бірден
-
бір төте жол деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет