45
ӘОЖ 82(547.4)
АБАЙ
–
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ЗАҢЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА
САЙ РЕТТЕУШІ
Ғазезова С.Е.
Ғылыми жетекші: Сайранбекова Ұ.С.
КЕАҚ «Семей Медициналық университеті», Семей қ. Қазақстан Республикасы
Өзектілігі.
Абай тек қана қазақтың емес
–
әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға,
дүниежүзілік өркениет келбеті. Төрт құбыламызда жайғасқан халықтардың
мәдениетімен қазақ елін жақындастырып, елімізді барша әлем жұртына таныстырған
ұлы тұлға. Абайдың ақындығынан бөлек, шешендігімен, даналығымен тағы басқа жеке
бастарының қасиеттерімен халыққа танымал болғанын белгілі. Абайдың қоғам
қайраткері ретіндегі тағы бір үлкен ерекшелігі, оның қанша ғасыр өтсе де
айтқан ой
-
толғамдарының келешекке нұсқа болуы, терең білімі, қазақ қоғамына осы заманғы
прогрестің қажеттігін елден бұрын түсінген көрегендігі және соны насихаттауы
–
Абайды дәстүрлі биден де жоғары қоятын шынайы факторлар.Абайдың поэзиясы
халық өмірінен нәр алды, ел мүддесімен біте қайнасты. Оның биліктегі қызметін жақсы
танып
-
білудің қажеттігі содан туады.
Мақсаты.
Абайдың дәстүрлі қазақ заңына сіңірген еңбегі, қозғаған өзекті
мәселелерін, қолданған әдістерін қарастырып талдау.
Достарыңызбен бөлісу: