Семинар апта сағат. 15 б. Тақырып


-1933 жылдары орын алған ашаршылыққа келер болсақ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі214,91 Kb.
#120506
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семинар. 4 апта. 2 са ат. 15 б. Та ырып аза хал ыны д ст рлі (1)

1932-1933 жылдары орын алған ашаршылыққа келер болсақ,
ғалым Талас
Омарбеков 2 миллион 300 мың адамның опат болғанын айтады. Ол мұрағат
құжаттары негізінде жалпы қырылған қазақтың санын 4 млн 836 мың деп
тиянақтап берді. Кейбір тарихи деректерде, 1932 жылғы ашаршылықта жалғыз
қазақ емес, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің бәрі, яғни 250 мыңға жуық
өзге ұлт өкілі қырылған делінеді. Соның көпшілігі орыстар болған.
Ел басына нәубет төнген жылдары Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыстанов,
Ғ.Тоғжанов, Б.Айбасов, О.Жандосов есімді алаш ардақтылары 1933 жылдың 24
ақпанында Сталинге хат жазып, барлық ауыр халді баяндап берген. Тарихта бұл
«Алтаудың хаты» деген атпен әйгіленген. Өкініштісі, осы «Алтаудың хатын»
көп адам әлі біле бермейді. Осы хатта: «800 мың қазақ шаруашылығынан, яғни
4 млн 800 мың адамнан 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылығы,
2 млн 25 мың ғана қазақ қалды» деп жазылған. Ал 1932 жылдың 4 шілдесінде


республиканың Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков,
Қ.Қуанышев сынды қайраткерлері қол қойған әйгілі «Бесеудің хаты» жазылды.
Ол БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге жолданды.
Бұдан кейін сол кезде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының 
орынбасары болып жүрген Тұрар Рысқұлов 1933 жылғы 9 наурызда Сталинге 
арнайы хат жолдап, елдегі барлық жағдайды бүге-шігесіне дейін қалдырмай 
баяндайды. Онда Қазақстанда 1931 жылдың соңында басталған қазақтардың бір
ауданнан бір ауданға көшуі 1932 жылдың көктемінде көбейіп, жазда тіпті қатты 
күшейіп кеткені айтылады. Бірқатар қазақ ауылдарын жайлаған аштық пен 
індеттің негізінде орын алып жатқан өлім оқиғаларының қазіргі ауқымы 
орталық органдардың шұғыл араласуын қажет етеді.
«Қазір Қазақстанда қазақ жұртының белгілі бір бөлігіне қатысты
жасалып отырған мұндай жағдай басқа бірде-бір өлкеде немесе
республикада жоқ, – деп атап көрсетті Т.Рысқұлов бұдан әрі. –
Көшпелілер өздерімен бірге жұқпалы ауруларын көрші өлкелерге
және Ташкент, Сібір, Златоуст теміржолдары бойларына өздерімен
бірге алып барады. Кеңес тәртібімен (соның ішінде РСФСР ХКК)
белгіленген жеке-дара шаралар мәселені шешіп бере алмайды. ОК-
ның азық-түлік босату жөнінде дер кезінде қабылданған қаулысы
өзінің мақсатына толық жеткен жоқ… Бұл мәселенің үлкен мәні бар
болғандықтан, Сізден осы хатпен танысып шығып, іске
араласуыңызды, сөйтіп, көптеген адамды аштық шашқан ажал
тырнағынан аман қалуыңызды сұраймын».
Т.Рысқұлов хатында аштықтан қашқан қазақтардың жан-жаққа босып барып 
жатқанын жазады. «Жергілікті жерлерден алынған соңғы болжамды мәліметтер 
бойынша, Қазақстанмен көрші өлкелерге: Еділдің орта ағысы бойына – 40 мың 
адам, Қырғызстанға – 100 мың адам, Батыс Сібірге – 50 мың адам, 
Қарақалпақстанға – 20 мың, Орта Азияға 30 мың адам көшіп барған, – дейді ол. 
– Көшпенділер тіпті Қалмақстан, Тәжікстан, Солтүстік қиыр секілді алыс 
жерлерге де жеткен. Тұрғындардың байлар бастаған тағы бір бөлігі Батыс 
Қытайға кеткен… Қазақ қайраткері ашаршылықтың көктемнің келуіне қарай 
қайта күшейе түсетінін сөз етеді.
Бірақ жағдай Қазақстанның ішінде де мәз болып тұрған жоқ еді. Хат авторының
айтуынша, көптеген қалалар (Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т. 
б.) мен стансаларда теміржолмен күн сайын өлген қазақтардың мәйіттері 
шығарылып жатады. Шу ауданының орталығы Новотроицкіде (уәкіл ж. 
Жандосовтың хабары бойынша) күніне 10-12 адам өліп тұрады. Қазақтар мен 


коммунистердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған. Бұрын 7000 шаруашылығы 
болған Сарысу ауданында қазір соның 500-і ғана қалған, қалғандары Әулиеата 
және басқа аудандарға көшіп кеткен, кейбірі тіпті Қырғызстаннан бір-ақ 
шыққан. Қарашада бұл ауданнан бірнеше жүз қазақ отбасыларымен алыс жолға 
шыққан. Қаңтардың екінші бескүндігінде ғана 24 адамның сүйегі жинап 
алынған. Оларға жолда қарақшылар шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға 
лақтырған. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан суыққа қатып 
өлген 20 баланың мәйіті теріп алынған, сол уақытта тағы 84 ересек адам жан 
тапсырған. Ақтөбе обкомының 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы 
теміржол стансасында қайтып оралған (сосын Сексеуіл стансасына жіберілген) 
300-400 отбасынан (анық емес мәлімет бойынша) 150 қазақтың (соның ішінде 
21 адам қорасаннан) дәрігерлік көмектің көрсетілмеуінен қайтыс болғандары, 
стансада қазақтарды ұрып-соғудың орын алғаны туралы баяндалады.
«Жергілікті органдардың мәліметтері бойынша, Торғай және
Батпаққара аудандарында тұрғындардың 20-30 пайызы қайтыс
болған, қалған үлкен бөлігі көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы
бірқатар ауылдық кеңестерде тұрғындардың 30-35 пайызы өліп
қалған. Тұтастай алғанда, Ақтөбе облысында (жоғарыда аудандар
кіретін) атқару комитетінің төрағасы ж. Иванов өзінің Кеңестер
съезіндегі баяндамасында (1932 ж., шілде) облыста 1930 жылы
1012500 адам болғанын, 1932 жылы содан 725800-і, яғни 71 пайызы
қалғанын хабарлады. Қызылорда аудандық атқару комитеті
төрағасының куәлік етуінше, аудандағы ауылдық кеңестер
тұрғындарының 15-20 пайызы ғана қалған. Балқаш ауданында
(жергілікті ОГПУ мәліметінше) 60 мың адам болса, соның 12 мыңы
көшіп кетіп, 36 мыңы өлген және 12 мың адам қалған. Қаратал
ауданында өткен қыста қазақтың үш ауылын басқа жаққа зорлап
көшірген кезде тұрғындардың жартысы қаза тапқан. Сол ауданда
(жергілікті ОГПУ-дың куәлік етуінше) желтоқсан мен қаңтардың
(1933 ж.) он күнінде 569 адам аштан өлген, сол мезгілде Үштөбе
стансасынан, Қараталқұрылыс алаңы мен Күріш кеңшарынан 300
мәйіт жинап алынған. 1931 жылы Шұбартау ауданында 5300
қожалық бар еді, 1933 жылғы 1 қаңтарға содан 1941 қожалық
қалды. Қарқаралы ауданында 1932 жылғы мамырда 50400 адам
болды, ал қараша айына қарай 15900 адам қалды және аудан
орталығында күн сайын 15-20 адам (Өлкелік отырықшы комитетінің
ақпарынан) өледі. Қарағандыда өткен көктемде 1500 қазақ өлді,
соның ішінде жұмысшы қазақтар аштық пен індеттен үзілді.


Сергиопольде (Түрксиб) қаңтар айында 300-ге жуық қазақ ажал
құшты. Бұл келтірілгендердің бәрі ресми дереккөздерден алынды».
Көп немесе аз мөлшерде қазақ тұрғындарының өлуі мысалдарын басқа да 
бірқатар қазақ аудандарынан келтіруге болады. Әсіресе, балалар арасында өлім 
көп. Көптеген көшушілер балаларын тағдырдың тәлкегіне тастап кетеді. Басқа 
өлкелерге жеткендер өздерімен бірге балаларын әкеле бермейді. Қараусыз 
қалған балалардың қалың шоғыры Қазақстандағы қалалар мен теміржол 
стансаларына шоғырланады. Қазақ әйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің
алдарына тастап кетеді. Қазақ органдары 1932 жылдың соңында-ақ әлі 
орналастырылмаған қараусыз 50 мың қазақ баласының бар екенін ресми 
хабарлады. Қазақстанда жұмыс істейтін балалар үйлері толып қалған, олардың 
арасында бала өлімі көп. Мысалы, Семей аумағында комиссияның тексеруі 
кезінде бір балалар үйінің астындағы жертөледен көлік болмағандықтан 
амалсыз қалдырылған 20 қазақ баласының сүйегі табылған.
Т.Рысқұлов хатында қазақ органдарының қайтып келушілер мен ашығушыларға
қалай көмек көрсеткендерін баяндайды. Жұрттың жаппай көше бастауына мал 
басының күрт кеміп, шаруашылықтың күйреуі де бір себеп болған.
«Мен Сізге 1932 жылғы 29 қыркүйекте жазған баяндамамда
Қазақстанда мал басының қысқаруы нәтижелерін егжей-тегжейлі
жеткізіп, оны қалпына келтірудің шараларын айтып берген едім, –
делінген хатта.
– 
1932 жылғы ақпандағы Бүкілодақтық халық санағының (екінші рет
өткізілген) мәліметі бойынша, Қазақстандағы 1928/1929 жылғы 40
млн бас ірі қарадан санақ өткенге дейінгі сәтте 5397 мың бас қана
мал қалған, яғни 85,5 пайызға қысқарып кеткен, соның ішінде 1931
жылғы ақпаннан 1932 жылғы ақпанға дейін 55 пайызға азайған
(КСРО-да жалпы мал басының қысқаруы 16,7 пайызды құрады).
Санақ өтетін кезге дейін ол 80 пайызға азайғаны анықталды, ал
КСРО бойынша осы уақытта мал саны 33 пайызға ғана кеміген».
Хатта, бұдан бөлек, республикада жүріп жатқан асыра сілтеушіліктер мен 
көзбояушылықтар, егіннің егілмей қалуы, қазақтарды отырықшылыққа көшіру 
жайлары туралы кеңінен баяндалады. Бірақ «мал құлағы саңырау», мұны 
еститін құлақ, зерделейтін сана, құлақ асатын пейіл Иосиф Сталин бойынан 
көріне қоймады. Шет елдерден астыққа айырбастап станок алып жатқан көсем 
индустриялық революция мүддесі үшін мұны қасақана жасады, кең далада мал 
соңында жүрген қазақ егін салмайтын еді деген де дәйектер табылуда. Бұл 
кесапат саясат қазақ халқының қынадай қырылып, өз елінде азшылыққа 
айналуына апарып соқтырды…




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет