25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО
Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін
кіргізу басталды. Осылайша белгіленген уақытта 40-армия сапындағы кеңес
әскері Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны әуеде де, жерде де кесіп
өтті
.
Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 1979 ж.27 желтоқсанда
Х.Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды. Х.Аминнің
резиденциясы орналасқан Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі 19 сағат 30
минутта «Дауыл-333» белгісі бойынша басталды. Сарайды басып алу
операциясына МҚК-нің полковнигі Г.И. Бояринов жетекшілік етті. Оған: 50
адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А. Востротин бастаған
9-рота десантшылары, 345-жеке жаяу десантшылар полкының бір взводы және
бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың айрықша мақсаттағы
мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада
киінді. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік
жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента
жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмау үшін
жасалған белгі еді. Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылып, арнайы
топ Х.Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде асыға
күткен кеңес әскерлері Х.Аминнің көзін жойды. Шабуыл кезінде кеңестік
жауынгерлерден 11 адам шейіт болып, 38 адам әртүрлі жарақат алды. Осы күні
Кеңес Одағы басшылары атынан Ю.В. Андропов байланысқа шығып
Б.Кармальді билік тағына отыруымен құттықтады. Ауғанстан халқына
Б.Кармальдің үнтаспаға жазылған үндеуін Кабул радиостанциясы жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: