болса, оның 66-сы шейіт кеткен жауынгерлер оқыған мектептерге, 10-ы
тұрғын үйлерге, 2-уі поезға, 1-і депоға қойылған.
Соғыста құрбан болған боздақтарға арнап әр облыс бойынша «Естелік
кітаптары» жазылды. 2000 ж. Елордамыз Астана қаласында Ауған соғысында
құрбан болған боздақтарға арналған «Мемориаль Ескерткіш» ашылды.
Кейіннен мұндай «Ескерткіштер» саны ҚР бойынша әрбір қалалар мен облыс
орталықтарында бой көтерді.
Кеңес Одағы тарқап, республикамыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап
қазақстандық жауынгерлердің Ауған соғысына қатысуы мен олардың
шығыны, тарихи тағылымы жайлы еңбектер жарық көре бастады. Ауған
соғысы туралы зерттеу жұмыстары қолға алынып, қазақстандық жауынгерлер
жайында мемуарлар мен естеліктер жазыла бастады. Соғыстың аяқталғанына
10,15,20,25 және 30 жыл толуына орай ғылыми конференциялар мен
кездесулер ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлері бас қосқан жиындар
келешек ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде құндылықтарын көрсетіп жүр
Достарыңызбен бөлісу: