27
(өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең
күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін.
Дыбыстарды айтудың бұзылуы көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің
дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды.
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын
төмендетеді және сөйлесу байланысында қиындықтар тудырады.
Балалардың 20-25%-да көру кемістігі бар: қитарланған және
шашыранды қылилылық, нистагм, көру кеңістігінің шектелуі.
БСА танымдық процестердің қалыптасуы жекелеген психикалық
функциялардың тоқтап қалуымен және біркелкі дамымауымен сипатталады.
Көптеген балаларда қабылдаудың дамуында, сонымен қатар кеңістіктік және
уақыттық елестетудің қалыптасуында қиындықтар байқалады.
Барлық балаларда дерлік астения (ағза әлсіздігі) байқалады: жұмысқа
қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің қалпына келмеуі,
қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз
болуы.
Бұндай балалардың көпшілігінде жоғары психикалық функциялардың
даму әлеуетінің бар екендігін атап өту қажет, алайда дене бітімінде
кемшіліктері (қимыл-қозғалыс, есту, көру фукцияларының бұзылуы), сөйлеу
қиындықтары, астениялық көріністің және білім қорының шектеулілігі,
әлеуметтік-мәдени депривацияның салдары бұл мүмкіндіктерді жасырып
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: