Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет1/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы



 


 
 
 


 
 
 
 
 
 
 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
 
 
ТӨРЕБАЕВА К.Ж. 
 
 
 
 
 
Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие 
беру негіздері 
 
 
Монография 
Ақтөбе-2019 


УДК 378 
ББК 74.58 
Т 65 
Пікір жазғандар: 
САРДАРОВА Ж.И.,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
ДЖАНЗАКОВА Ш.И.,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
БАХТИЯРОВА Г.Р.,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Т65 ТӨРЕБАЕВА К.Ж.
Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері. 
Монография – Ақтөбе, 2019. – 214 бет. 
ISBN 9965–19–559–5
Монографиялық еңбекте жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие берудің 
теориялық – әдіснамалық негіздері, ұлттық тәрбие беру жолдарының мазмұны 
баяндалған. 
Монография – жоғары оқу орнында білім алатын студенттерге, 
магистранттарға, оқытушыларға әдіскерлерге және көпшілік оқырманға 
арналған.
УДК 378 
ББК 74.58 
ISBN 9965–19–559–5
 
 
 
 
 


КІРІСПЕ 
 
Зерттеудiң көкейкестiлiгi.
Бүгінгі жаһандану үдерісінде еліміздің 
алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан көрінуге және экономикалық еркiн 
аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына 
сәйкес, әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi бiздiң алдымызға маңызды мiндеттер 
жүктейдi. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан 
Қазақстанның географиялық-саяси орны, ана тіліміз бен ұлттық 
мәдениетіміздің 
қазіргі 
жай-күйі, 
еліміздің 
көпмәдениеттілік, 
көпконфессиялық сипаты ұлт тәрбиесінің даналығынан, философиялық ой 
тұжырымдарынан, тәуелсіз ұлттық білім мен тәрбие жүйесін құруды талап ету 
міндеттерден туындайтыны сөзсіз. Олай болса, ұлттық тәрбие үдерісі тек 
мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгей тұрғысынан зерттеуді қажет 
ететін бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. 
Өркениетті жаһандық әлемнің таңдаулы мүшесі болу – елдің рухани 
және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген 
елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады. Елімізді барынша 
дамытатын негізгі күш бүгінгі, жастар» - деп атап көрсеткен болатын . Осыған 
орай бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман талабына сай тәрбие беру, оның 
мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен міндеттерін қайта қарастырып, 
жаңарту қажеттігі күн сайын артуда. 
Педагогика тарихында білім және тәрбие проблемасы қай заманда 
болмасын ұлттық ерекшелігімізбен мазмұндас зерттеу объектісі болды. 
Тарихқа көз жіберсек, ерте кезден-ақ, ғұлама ғалымдар әл-Фараби 
Ж.Баласағұни, М.Қашқаридың білім мен тәрбие мәселелері жайлы кейінгі 
ұрпаққа қалдырып кеткен мол рухани мұралары осы күнге дейін өзінің 
маңыздылығын дәлелдеп келеді. Солардың ішіндегі бірегейі, ойшыл, шығыс 
Аристотелі атанған әл-Фараби еңбектеріне ұлттық тәрбиенің философиялық 
негізі қаланды. Ол-тәрбие философиялық категория және бүкіл танымның 
даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының 
жиынтығы, - деп қарастырған еді. 
Халқымыздың кемеңгер ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
Х.Досмұхамедов еңбектерінде келешек ұрпақтың «көзі ашық, көкірегі ояу» 
болып, саналы да тәрбиелі болуы жайлы айтып кеткен ой-пікірлерін бүгінгі 
ұрпақ тәрбиесінде де басшылыққа аламыз. 
Дүниежүзілік жаһандану үрдісіне сай ғылыми-техникалық прогрестің 
өркендеуі мен ғарышты игеру заманында әлем халықтарының тұрмыс-
тіршілігіндегідей қазақ халқының да ұлттық ерекшелігін барынша таныту 
қоғамымыздың басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта отандық ғылымдағы 
жүргізіліп жатқан зерттеулердің маңызы зор екені сөзсіз. 


Қазақ 
халқының 
ұрпақ 
тәрбиесі 
мәселелерін 
еліміздің 
әдебиеттанушылары, 
өнертанушылары, 
этнографтары 
М.Әуезов, 
М.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Ә.Марғұлан, Б.Қазыханова, Х.Арғынбаев, 
Ә.Қоңыратбаев, А.Сейдімбек және т.б. зерттеген. 
Ұлттық тәрбие үлгілерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдануды алыс, жақын 
шетел ғалымдары: Т.Виноградов, Г.Волков, В.Афанасьев, Я.Ханбиков, 
А.Измайлов т.б. зерттесе, ал көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Жарықбаев, 
С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, С.Ғаббасов, Р.Дүйсембінова, Қ.Бөлеев, 
Ә.Табылдиев, Қ.Қожахметова, Ж.Наурызбай, С.Иманбаева, Қ.Шалғынбаева, 
Е.Қозыбаев, І.Халитова, Ш.Құлманова, Ж.Асанов, А.Ахметов, Ш.Джанзакова, 
Ж.Хасанова және т.б. халық педагогикасы идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде 
пайдалану мәселелерін жан-жақты қарастырды. 
Ұлттық тәрбие - жалпы тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас 
бөлігі болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен ғылыми 
әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді. 
Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын 
жетілдіру бойынша Л.Байсеркенің, А.Бейсембаеваның еңбектері ұлттық 
тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде меңгеруге толық мүмкіндік береді. 
Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша ауқымды 
жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін зерттеген К.Оразбекованың және болашақ 
мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен 
практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің, ұлттық тәрбиені 
этнопедагогиканың теориялық негіздерін қалыптастыратын кең ұғым деп 
қарастырған К.Қожахметованың зерттеулерін ерекше атап өткен орынды. 
С.Ұзақбаеваның ұлттық тәрбиенің анықтамасы мен ғылыми мәнділігі жөнінде: 
«Ұлттық тәрбие – білім мен тәрбие саласындағы халықтың танымының, 
іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан 
ұрпаққа халық шығармашылығынан, яғни поэтикалық, музыкалык, сәндік-
қолданбалы өнерінен берілетін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлері. Ұлттық тәрбие 
берудің мақсаты - болашақ ұрпақты халық тәжірибесінің үлгілі істеріне 
тәрбиелеу», - деп көрсетуі өте орынды тұжырым. Олай болса, халықтық 
тәрбиедегі мақсаттылық, білімділік орны және тәрбие саласында ортақ 
тәжірибелерді үйлестіре таратуы ұлттық тәрбиенің мәні мен тәлім-тәрбие 
ісіндегі ортақ ұғым - түсініктерін қалыптастырудың негізін құрайды. 
Жоғарыда атап көрсетілген және басқа да ұлттық тәрбие бағытындағы 
теориялық, әдіснамалық зерттеулерге талдау жасай отырып, мазмұндық 
бағыттылығына қарай: тәрбие теориясы мәселелері бойынша – А.Мұхамбаева 
т.б. зерттеулері; қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi – 
Қ.Жарықбаев, 
С.Қалиев, 
Н.Сарыбеков, 
С.Ұзақбаева, 
Ж.Наурызбай, 
К.Қожахметова, Р.Дүйсембiнова, Ж.Хасанова, Ә. Табылдиев, Ш.Джанзакова 
т.б., ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы бойынша – Қ.Бөлеев, 


Ш.Беркімбаева, К.Оразбекова т.б.; халық педагогикасы материалдары 
негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру бойынша – С.Иманбаева, 
Р.Төлеубекова, К.Жетпiсбаева т.б. зерттеулерінде тұжырымдалған ой-пікірлер 
ұлттық тәрбиені ғылыми зерттеу бағыттарын анықтау мүмкіндіктерін береді. 
Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық тұжырымдарды түйіндей 
отырып, ұлттық тәрбие мұраларын тәрбие жұмыстарында оңтайлы пайдалану 
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты мәселелерінің бірі деп айтуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет