ЗЕРТТЕУ Ж Ұ
МЫСТАРЫ 2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы кӛптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе ӛнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы ӛткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.