5
молекулалық биология, жалпы және молекулалық генетика жетістіктері
гендік және клеткалық терапия әдістерін құрастыруға мүмкіндік берді,
қартаю белгілерімен күресу, алынған жарақаттарды емдеуде, ауыр ауру
түрлерін емдеу бағаналы клеткалық регенерация қасиетіне негізделген.
Қазіргі заманғы биотехнологияның маңызды әдісіне клеткалық және гендік
инженерия жатады. Биологияның әртүрлі саласындағы жетістіктер
биоалуантүрлілікті сақтауға септігін тигізеді, ал бұл экожүйе мен
биосфераның тұтастығын және тұрақтылығын сақтайды. Қазіргі заманғы
биология мәселелерін «Заманауи биология мәселелері» курсы өзекті
мәселелрді қарастырып, жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді, бұл
курста тіршіліктің пайда болуы және эволюция мәселелері, микробиология,
ботаника және зоология ғылымдарының, жалпы және молекулалық
генетиканың, өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясы, цитология,
биотехнология және экология ғылымдарының мәселелері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: