98
тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, ақпаратты мақсатты
өңдеуге байланысты процестер мен құбылыстар жиынтығы ретінде
түсіндіріледі [ ].
Педагогикаға қатысты білім беруді ақпараттандыру туралы мәселе
туындайды, біз білім беру процесіне әлемдік қоғамдастықтың талаптарына
сәйкес келетін ақпараттық технологияларды енгізуді, есептеу және ақпараттық
техниканы кеңінен қолдану негізінде мамандардың жалпы білім беру және
кәсіби даярлығының сапасын арттырудың қажеттілігін түсінеміз.
Білім беруді ақпараттандыруды қолданудың нақты нысандары мен
тәсілдерін бөлу үшін "оқытудың компьютерлік құралдары" ұғымын пайдалану
қажет. Алайда бұл ұғым нақтылауды талап етеді. Білім алушы оқу
ақпараттарын тасымалдаушы-оқыту құралдарымен белсенді өзара іс-қимыл
жасайтын қызмет субъектісі ретінде қарастырылуы тиіс екендігін ескеру
қажет. Оларда оқытудың педагогикалық өңделген мазмұны шоғырланған.
Дидактикалық міндетті шешу үшін пайдаланылуы мүмкін оқыту
құралдарының жиынтығын - оқу ақпаратының жүйесін қалыптастырады.
Оқыту құралдары жиынтығының құрамдас бөлігі – оқытудың компьютерлік
құралдары болып табылады, біз оларды осы заманғы есептеу техникасы
(компьютерлік) базасында жұмыс істейтін бағдарламалық-аппараттық
құралдар мен құрылғылардың, сондай-ақ оқу ақпаратымен ақпараттық алмасу
құралдары мен жүйелерінің жиынтығы ретінде түсінеміз.
Мультимедиялық кешенді оқытуға қатысты оқытудың компьютерлік
құралдарының құрамын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: