Ойлау –
объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы
формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық
әрекеті.
Шығармашылық адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам ой түйіп, өздігінен
саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Шығармашылық ойлау –
әрбір жаңа жағдайларға сәйкес әрекет
сызбаларын белсенді құру және қайта құру әмбебап қабілеттілігінен тұратын
ойлау мәні
Таным – санада объективті дүниенің психикалық бейнеленуінің және
қабылдауының процесі, нәтижесі ретінде оның мәні туралы жаңа білім б.т.;
табиғаттың және қоғамның заңдарын ашуға бағытталған адамның ерекше іс-
әрекеті. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие процесінің мәнін
құрайды.
Танымдық белсендiлiк – психикалық белсендiлiктiң түрi, қызығушылық,
зейiн, бiлiмге құмарлық, шығармашылық формасында көрініс табады.
Тұлға – әлеуметтік-мәдени ортада, біріккен іс-әрекет үдерісі мен қарым-
қатынаста пайда болатын адамның ерекше сапасы, саналы іс-әрекет субъектісі.