25- тақырып. Әл-Фараби, Қ.А.Иасауи, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Игүнеки, Х.Сығнақидің діни-философиялық және моральдік көзқарастары 1-тапсырма Төмендегі мәтінде берілген ұлы ойшылдар туралы мәліметке сүйене отырып, өз ойларыңды
тұжырымдап, кестені толтырыңдар.
Дін ғұламалары Өмір сүрген уақыты Ұстанымдары Оқушы ойы Әл-Фараби Мұхаммед пайғамбар туралы қандай ой түйген? Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибнҰзлағ әл-Фараби ат-Түріки 870 жылы
Фараб(Отырар) қаласына жақын Весиж атты елді мекенде дүниеге келген. Әл-Фараби 20
жасқа дейін Фарабта білім алып, кейіннен Аббасилер халифатындағы көптеген елдерді
аралап, ғылым-білім жолына түскен. Ол ең алғашқы рет сол кездегі мемлекет орталығы
Бағдатқа барып, Әбу Бәкір әс-Сараждан (928ж.ө) араб тілін, Әбу Бишр Матта ибн Юнустан
логиканы үйренген.