89
қолтаңбаға ие болды. Canon –ның бас кеңсесі Токио қаласында орналасқан.
Ұйым өз жұмысын 1933 жылы Такикавая ғимаратының 3 қабатында
орналасқан оптикалық зертхананың ашылуынан бастау алды. Бұл зертханада
жапондық екі жас жігіт – Горо Ёсида мен оның күйеу баласы Сабуро Утида
бірлесіп
еңбек
етті.
Олардың
мақсаты
сол
замандағы
неміс
фотоаппараттарынан кем түспейтін ең мықты үлгілер құрастыру болды. Сол
уақытта белгілі камералардың құрылысын зерттеумен айналысқан оларды
Утиданың жақын досы Такэси Митарай қаржыландырды. Бұлақтың көзін
ашқан ол компания президентіне айналып шыға келді.
Ұйым атауы будданың мейірімділік құдайы Каннонның құрметіне
қойылған. 1934 жылы алғашқы 35 мм-лік Leica аппаратының затворына
негізделген камера дүниеге келді. Көп уақыт өтпей-ақ «Asahi Camera»
журналының маусымдық нөміріне діншіл Ёсида алғаш атаған «Кванон»
фотоаппараты жөніндегі анонс жарияланды. Бірақ он аппараттың біреуі де
сауда сөресінен орын алған жоқ. 1935 жылы 26 маусымда Утида фотоаппарат
атауын «Canon» деп тіркеп, айына 10 фотоаппараттан шығарып тұрды. Соғыс
жылдарында аппараттар қолдан-қолға тимей сатылып жатты. 2010 жылы
компания 120 мегапиксельді CMOS матрицалы APS-H өлшемін ойлап
тапқанын хабарлады. Бүгінгі таңда Canon әлемнің 198 мемлекетін біріктіреді,
жыл сайынғы тауар айналымы 29 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: