ҚҰрастырушылар: М. Д. Жұмағұлов, Б. Т. Берлібаев, А.Ө. Раджапов


Семестрлік жұмыс жазуға әдістемелік нұсқау



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі230,66 Kb.
#124012
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
UZW6GMRemgvqHoYpsVOzuS1dh3rxKj

Семестрлік жұмыс жазуға әдістемелік нұсқау
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқу барысында студент 3
семестрлік жұмыс жазуы керек. Дәріс және семинар сабақтары пәннің ірі әрі
мазмұнды мәселелерін қамтып, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына
шақталған оқу бағдарламасының бір бөлігін құрайтын болса, қалған басым
бөлігін студент оқытушының жетекшілігімен өз бетінше меңгеруі қажет.
Студенттің өзіндік жұмысының маңызды және белсенді түрі семестрлік
жұмысты орындау болып саналады. Семестірлік жұмыс жазбаша орындалады.
Жұмысты орындау барысында тәжірибесі қалыптаспаған I курстың
студенттері қиындыққа көп ұшырасады. Жазба жұмыстың қандай талаптар
деңгейінде орындалатындығын білмегендіктен қателіктерге жол береді. Бұл
ұсынылған әдістемелік құралдың мақсаты семестрлік жұмысты орындауда
қателіктер жібермес үшін студенттерге көмекші қызмет атқару болып
табылады. 
Семестрлік жұмыстың 
мақсаты
белгілі бір тарихи оқиғаға немесе жеке
тұлғаға қатысты студенттің зерттеу жүргізу барысында толыққанды білімін,
ойының тереңдігін, көзқарасын, ұстанымын айқындайтын, өз бетінше
орындалатын шығармашылық жазбаша еңбек жазуды үйрету болып табылады.
Тіпті бұл дәстүрлі бола бермейтін, қате болса да жас зерттеушінің жеке білімі
мен көзқарастар жиынтығын құрайды. Біз үшін маңыздысы студенттің
тақырып бойынша білімін жинақтай алуы және оны қорғай білуі қажет.
Мұндай ұстаным таңдалынған тақырып бойынша тарихи деректерді, зерттеу
еңбектерін (монография), ғылыми мақалаларды терең оқу барысында
қалыптасады. Берілген әдебиеттер тізімінен тақырыпқа қатысты
әдебиеттермен қатар, арнайы мерзімді басылымдардағы деректік
материалдарды іріктеу қажет. Мысалы, «Отан тарихы», «ҚазҰУ хабаршысы»
(тарих сериясы), «Поиск-Ізденіс» (қоғамдық сериясы), «Қазақ тарихы» және
т.б. журналдардан тың материалдар табуға болады. Қосымша әдебиет
алфавиттік тәртіппен кітапханадағы жүйелі каталог арқылы қаралады. Бұл
бағытта Сіздерге оқу залындағы библиографтар көмек беруі тиіс. Семестрлік
жұмыс ғылыми-ізденіс сипатындағы студенттің шағын өзіндік ғылыми-
зерттеу жұмысы болып табылады. Оқулықтан ешбір мағынасыз көшіріп алуға
болмайды, өйткен жағдайда студенттің жұмысы қанағатсыз деп бағаланып,
жұмысы сапалы орындауға қайтарылады. 
Семестрлік жұмыс қатаң бекітілген мерзім шеңберінде орындалады.
Студент семестрдің I-ші аптасында 3 семестрлік жұмысты әдістемелік құралда
берілген тәртіп бойынша айқындап алады. Семестрлік жұмыстардың
тапсырылу уақыты: №1 жұмыс – 4 аптада, №2 жұмыс – 8 аптада, №3 жұмыс –
12 аптада (15 апталық сабақ барысында). Тапсыру графигін қатаң сақтау
студентке аттестация қою мен оның емтихан тапсыруына рұқсат берудің
шарты болады. 
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша студент семестрлік
тақырыптар тізімінен ұсынылған кесте арқылы (А қосымшасы) сынақ


9
кітапшасындағы соңғы екі санға сәйкес үш бөлімге бөлінген үш жұмысты
таңдайды. Кестені ескермей, дұрыс таңдалмаған жұмыс есептелмейді.
Негізгі дерек көздері мен әдебиеттерді терең танысып, зерделеп алған
соң жақсылап ойластырып төмендегі талаптарды ескеретін жоспар
құрастырған жөн:
1) Кіріспе. Онда семестрлік жұмысты жазу барысындағы тақырыптың өзектілігі,
зерттелу деңгейі, мақсаты мен мәселенің қойылысы негізделеді.
2) Негізгі бөлім. Ол тақырыптың Сіздің көзқарасыңыз бойынша маңызды деген
екі-үш сұрағының мазмұнын құрайды. Екі-үш сұрақ жекеленген екі-үш мәселе
емес, ол Сіз таңдаған тақырыпты екі-үш қырынан қарастырудың амалы.
Семестрлік жұмыстың негізгі көлемінің аз болатындығын ескеріп, тақырып
бойынша қаралатын сұрақтар санын көбейте беру қажет емес.
3) Қорытынды. Мұнда зерттелген мәселелердің негізгі нәтижесі шығарылып,
түйіні жасалады.
Дерек көздері мен әдебиеттер. Ол жұмыс бойынша пайдаланылған дерек
көздері мен әдебиеттердің толық тізімінен тұрады. Бұл әдебиеттер құрамы
студенттің семестрлік жұмысын қаншалықты маңыз беріп, орындағанын
сипаттайды. Әдебиеттер тізімі тақырып бойынша кем дегенде екі-үш түп
деректік материалдар мен арнайы зерттеу еңбектерден тұрады. Интернет
арқылы да материал қолдануға болады, оның шарты механикалық түрде
көшіріліп алмаған болу керек, сайтқа сілтеме жасалынады. Тарихи зерттеу
әдебиеттерін қолданғанда соңғы талаптар тұрғысынан жазылған еңбектерді
қараған жөн. Егер бір мәселеге қатысты әртүрлі көзқараста жазылған бірнеше
еңбектер болса, семестрлік жұмыста өз көзқарасыңызды айқындап,
мүмкіндігіңізше түсіндіріп беруге тырысыңыз. 
Жоспар дерек көздері мен әдебиеттерді қаншалықты игергені мен
зерттеу дәрежесінің көрінісі. Жоспарды дұрыс құрастыру мәселені дұрыс
(немесе теріс) түсініп жазғандығын білдіреді. Сондықтан жұмыстың
құрылымына қарап-ақ жалпы семестрлік жұмыстың дәрежесін айқындауға
болады. Ендеше жоспар құрастыру жұмыстың шешуші өзегінің бірі. 
Семестрлік жұмыстың үлгісі ретінде ұсынылған жоспары төмендегідей
болуы тиіс:
Тақырыбы: «Шығыс, батыс және түрік өркениеті: дамудағы жалпы және
жеке мәселелер, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі»:
1) Кіріспе. Мұнда өркениет ұғымының мәнін, сипатын ашып, қазіргі кезеңдегі
ғылыми зерттеуде және қоғамымыздың даму барысындағы орнын белгілеу
керек.
2) Шығыс және батыс өркениеті. Екі аймақтағы өркениеттің өзіндік
ерекшеліктерін сипаттай отырып, жалпы және жеке белгілерін анықтау қажет.
3) Түрік өркениеті. Ол шығыс және батыс өркениетіндегі аралық қызметті
атқарады, өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Қандай, көрсетіңіз.
4) Қорытынды. Семестрлік жұмыстың мазмұны бойынша жалпы қорытынды
жасап, түрік өркениетінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін бағалау
керек.


1
0
Оқулықтан, интернеттен көшіріп алынған, сәйкес келетін тақырыптағы
мазмұны бірдей жұмыстар қабылданбайды. Семестрлік жұмысты жазуда
жоғарыда ескерткеніміздей, деректер, монографиялар, ғылыми мақалаларды
қарап, тақырыпқа қажетті деген материалдар (маңызды мағлұматтар, тарихи
деректер, статистикалық мәліметтер т.б. қысқаша көшірмесі) бірінші кезекте
жинақталады. Сіз жинаған бұл материалдар белгілі бір зерттеуші авторлардың
еңбектерінен алынған, сондықтан ғылыми этика тұрғысынан ол еңбектерге
сауатты сілтеме жасалу керек. Еңбектерден алынған әр мәлімет ретімен
нөмірленеді.
Егер Сіз автордың ойын еш өзгеріссіз беретін болсаңыз ол «пікірін
келтіру» болып табылады. Онда бар мәтін өзгеріссіз көшіріліп, тырнақшамен
беріледі. Мысалы былай: «ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық
пәндерде ғылыми зерттеудің жаңа жетістіктері мен әдістері мен әдістемелік
принциптері белсенділікпен қолданыла бастады». Семестрлік жұмыстың
мәтінінің соңында «Әдебиеттер» атауын беріп, Сіздің № 1 сілтемеңіз былай
болып шығады: Самашев З.С., Фозшов К.Ш., Базарбаева Г.А.
Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая. –Алматы, 2002.
–С.4.
Егер де пікірін бермей тек деректер немесе сандық материалдар
алсаңыз, оны қайдан тапқандығыңыз жөнінде сілтеме бересіз. Ол жағдайда
көшіру де, тырнақшамен беру де қажет емес, мәліметке сілтеме жасалады.
Мысалы: Қазақ тілі 50 әлеуметтік қызметтің 10 түрінде ғана қызмет жасай
алған. №2 сілтеме соңында былай келтіріледі. Казахстан: особенности
перехода демократии. - Алматы, 2004.-С.5. Келесі сілтемені журналға
жасайтын болсаңыз оның тәртібі мынадай: автордың аты жөні, мақаланың
атауы, басылып шыққан жылы, журналдың нөмірі және беті. Ахметов К.Г. ҚР-
да басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы // Ақиқат. -1992. –№ 4. – С.15;
газетке: газет атауы, басылған жылы, күні мен шыққан нөмірі беріледі.
Мысалы: Егемен Қазақстан. – 2002. –21 қаңтар. Әдебиеттер жиынтығы
семестрлік жұмыстың ғылыми–анықтамалық аппаратын құрайды және оның
сапалы бейнеленуіне орай зерттеушінің ғылыми мәдениетін бағалауға болады.
Сондықтан студенттерге бірінші курстан зерттеушінің жұмыс жасау
мәдениетін сіңіру керек.
Семестрлік жұмыс студенттің өз бетінше орындалады. Ол жұмысын
орындау барысында өз ойларын нақты бейнелеп, жеткізуі керек.
Материалдарды пайдалануда қайталауларға жол бермегені жөн. Бір мәселеге
қатысты түрлі көзқарастар мен пікірлерді салмақтай отырып бағасын береді,
дұрысын таңдайды, өз ұстанымын да айқындайды. 
Семестрлік жұмыстың көлемі қолмен жазылғанда негізгі мазмұны 10-12
бетті құраса компютермен терілгенде 12-14 беттер шамасында болу керек.
Талапға сай тәртіпке келтіріледі, беттерінің реттік сандары қойылады және
жинақталып, тігіледі. Жұмыс құрылымы жоспардан, негізгі мазмұны, дерек
көздері мен әдебиеттер тізімінен тұрады. 


1
1
Семестрлік жұмысты студент оқытушыға өз қолымен, сабақ барысында
тапсырады. Оқытушы жұмыспен танысып, деңгейін анықтайды, сыртқы
мұқабасына қысқаша пікір жазады. Жұмыс мазмұны талапқа сай
орындалмаған жағдайда қайта өңдеп, кемшіліктерін жөндеу үшін студентке
семестрлік жұмысы қайтарылады. Студент оқытушы белгілеген күндері
бойынша семестрлік жұмыс бойынша ақыл-кеңесін алады. Қайта өңдеген
жұмысын студент оқытушысына кемшілігі көрсетілген сыртқы мұқабасымен
бірге өткізеді. Қажет болған жағдайда студент жұмысын қорғайды. Қорғау
жұмысқа көрсетілген кемшіліктермен танысу, қойылған сұрақтарға
дәлелдермен қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Семестрлік
жұмыстың сыналып, қабылдануы оның мазмұнының сапасы мен қорғау
нәтижесінде бағаланады. Бекітілген уақытында семестрлік жұмыстарын
тапсырмаған, яғни сынақтан өтпеген студенттер емтихан тапсыруға
жіберілмейді. 
Әр семестрлік жұмыс 9 балдық немесе 100 % көрсеткішпен бағаланып,
шектік бақылау мен мемлекеттік емтиханға жіберілу рейтингісін есептеуде
ескеріледі. Тек өз уақытында, сапалы үш семестрлік жұмысты өткізген,
семинар сабағынан қарызы жоқ студент Мемлекеттік емтихан тапсыруға
рұқсат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет