жуан
жіңішке
езулік
еріндік
ашық
қысаң
а +
–
+
–
+
–
ә –
+
+
+
–
ы +
–
+
–
–
+
і –
+
+
–
–
+
о +
–
–
+
+
–
ө –
+
–
+
+
–
ұ +
–
–
+
–
+
Ү –
+
–
+
–
+
е –
+
+
–
?
?
Басқа дауыстылар, салыстырып қарасаңыз, ең аз дегенде бір-бірінен бір
айырым бойынша дараланып тұрады, ал <е> туралы мұны айтуға болмайды.
Егер бұл дауыстыны ашыққа жатқызсаңыз <ә>-ден, қысыңға жатқызамыз <і>
-ден айырымы болмай қалады.
Әдетте бұл дауыстылар былайша топтастырылып жүр.
жуан
а, о, ы, ұ
жіңішке
ә, ө, і, ү, е
езулік
а, ә, ы, і е,
еріндік
о, ө, ұ, ү
ашық
а, ә, о, ө, е
қысаң
ы, і, ұ, ү, е
Біздің ойымызша, бұл фонетикалық ыңғайдағы таптастыруға жатады.
Ал фонологиялық таптастыру бұлай болмауға тиіс, Өйткені бір топқа
жататын дауыстылар екінші топтың мүшесі бола алмайды.
ІІ. Бес дауыстыға негізделген фонологиялық жүй (А.Байтұрсынов).
<а> [а], [ά]
<ы> [ы], [і]
<ұ> [ұ], [ү]
<о> [о], [ө]
<е> [е]
Бұл жүйе бойынша сөздегі күллі дыбыстардың басын қосып
фонетикалық бір бүтін етіп тұратын нәрсе – дауыстылардың жуан-жіңішке
әуезі (тембрі).
ІІІ. Үш дауыстыға негізделген фонология (Ә.Жүнісбеков).
1. ашық – [а], [ә]
2. қысаң – [ы], [і], [ұ], [ү]
3. дифтонг – [е], [о], [ө]
Бұл жүйе бойынша сөздегі күллі дыбыстардың басын қосып, бір бүтін
етіп жұмылдырып тұру жуан, жіңішке, еріндік, езулік әуез арқылы жүзеге
асады.
Бірінші топтағы таптастырудан ІІ және ІІІ топтағы таптастырудың
үлкен айырмасы бар. Соңғы екі таптастыруда бір типке жататын дауыстылар
екіншісінде қайталанбайды. Міне, бұларды сондықтан фонологиялық
таптастырудың алғашқы үлгісі деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |